User's Guide
Принтер параметрлері туралы кеңестер (Windows)
Төменде сәтті басып шығаруға арналған принтер параметрлері берілген:
● Әдепкі басып шығару параметрлерін өзгерту үшін Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін
басып, HP принтерінің бағдарламалық құралындағы Параметрлерді реттеу түймесін басыңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашу жөнінде қосымша мәліметтерді алу үшін HP
принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
● Қажетті басып шығару параметрлерін орнату кезінде уақытты үнемдеу үшін басы шығару
таңбашаларын пайдалануға болады. Басып шығару тіркесімі белгілі бір жұмыс түріне сәйкес
келетін параметрлерді сақтайды
, сонда барлық опцияларды бір рет басып орнатуға болады.
Белгіні пайдалану үшін, Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut
(Басып шығару таңбашасы) қойындысына өтіңіз де, қажетті белгіні таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жаңа басып шығату таңбашасын қосу үшін, Paper/Quality (Қағаз/сапа), Layout (Пішім) немесе
Advanced (Кеңейтілген) қойындысындағы қажетті басып шығару параметрлерін орнатып,
Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut (Басып шығару
таңбашасы) қойындысын таңдаңыз да, Save As (Басқаша сақтау) түймесін басып, атауын енгізіп,
OK түймесін басыңыз.
Басып шығару тіркесімін жою үшін таңдаңыз, содан кейін Жою түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі басып шығару тіркесімдерін жоюға болмайды.
● Қағаз және қағаз науасының параметрлерін түсіну үшін:
– Қағаз өлшемі: Енгізу науасына жүктелген қағаз өлшемін таңдаңыз.
– Қағаз көзі: Қағазды жүктеген қағаз науасын таңдаңыз.
– Paper type (Қағаз түрі) немесе Media (Тасығыш): Қолданып жатқан қағаз түрін таңдаңыз.
● Түс немесе қара және ақ түс параметрлерін түсіну үшін:
– Color (Түсі): Көп түсте басып шығару үшін барлық картридждердегі бояуды пайдаланыңыз.
– Black & White (Қара және ақ) немесе Black Ink Only (Тек қара бояу): Қара түсті бояуды
тек сапасы қалыпты не төмен қара және ақ түсті баспалар үшін пайдаланады.
– High Quality Grayscale (Жоғары сапалы сұр шкала): Жоғары сапалы қара және ақ түсте
басып шығару мақсатында, қара және сұр түстердің кең ауқымын жасау үшін, түрлі түсті
және қара картридждердегі бояуды пайдаланады.
● Басып шығару сапасының параметрлерін түсіну үшін:
Басып шығару сапасы бір дюйм үшін басып шығару ажыратымдылығының нүктелерімен
өлшенеді (нүкте/дюйм). Жоғары нүкте/дюйм өлшемі анығырақ әрі толық баспаларды
шығарғанымен, басып шығару жылдамдығын баяулатып, көбірек бояуды пайдаланады.
– Draft (Жоба): Төмен нүкте/дюйм өлшемі әдетте бояу деңгейлері төмен болғанда немесе
жоғары сапалы баспалар қажет болмаған жағдайда пайдаланылады.
– Normal (Қалыпты): Көптеген басып шығару жұмыстары үшін ыңғайлы.
– Best (Ең жақсы): Normal (Қалыпты) сападан жақсырақ нүкте/дюйм.
KKWW Сәтті басып шығару туралы кеңестер 43