User's Guide

Print in Max DPI (Максималды нүкте/дюйм өлшемінде басып шығару): Ең жоғары нүкте/
дюйм параметрі басып шығару сапасы үшін қолжетімді.
HP нақты өмір технологиялары: Бұл мүмкіндік жақсартылған басып шығару сапасы үшін
суреттер мен сызбаларды тегістейді және анығырақ көрсетеді.
Бет және пішім параметрлерін түсіну үшін:
Orientation (Бағдар): Тігінен басып шығару үшін Кітаптық немесе көлденең басып шығару
үшін Альбомдық бағытты таңдаңыз.
Print on Both Sides Manually (Қолмен екі жақты басып шығару): Қағаздың бір жағы басып
шығарылғаннан кейін беттерді қолмен аударыңыз
, осылайша, қағаздың екі жағы да басып
шығарылады.
Flip on Long Edge (Ұзын жиекке аудару): Бұл параметрді қағаздың екі жағына да басып
шығару кезінде беттерді қағаздың ұзын жиегі арқылы аудару қажет болған жағдайда
таңдаңыз.
Flip on Short Edge (Қысқа жиекке аудару): Бұл параметрді қағаздың екі жағына да
басып шығару кезінде беттерді қағаздың қысқа жиегі арқылы аудару қажет болған
жағдайда таңдаңыз.
Booklet Layout (Брошюра пішімі) немесе Booklet (Брошюра): Бірнеше беттік құжатты
кітапша ретінде басып шығаруға мүмкіндік береді. Парақтың бір бетінде екі бетті
орналастырады, кейінірек беттің ортасы бойынша кітапша ретінде бүктеуге болады.
Left bindingол жағынан біріктіру) немесе Booklet-LeftBinding (Брошюра-сол жағынан
біріктіру): Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде сол жақта пайда болады.
Солдан оңға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз.
Right binding (Оң жағынан біріктіру) немесе Booklet-RightBinding (Брошюра-оң
жағынан біріктіру): Түптелетін шеті кітапша ретінде бүктелгенде оң жақта пайда
болады. Оңнан солға қарай оқитын болсаңыз, осы опцияны таңдаңыз.
Бет жиектері: Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып шығарсаңыз, беттерге жиектерді
қосуға мүмкіндік береді.
Бір парақта орналасатын беттер: Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып шығарсаңыз,
беттер ретін көрсетуге көмектеседі.
Басып шығарылатын беттер: Тақ беттерді, жұп беттерді немесе барлық беттерді басып
шығаруға мүмкіндік береді.
Reverse page orderері бет реті) немесе Page Order (Бет реті): Беттерді алдынан артына
немесе кері ретпен басып шығаруға мүмкіндік береді.
Принтер параметрлері туралы кеңес (OS X және macOS)
Басып шығару диалогтық терезесіндегі принтерге жүктелген қағаз өлшемін таңдау үшін Қағаз
өлшемі қалқымалы мәзірін пайдаланыңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде Қағаз түрі/Сапа қалқымалы мәзірін таңдаңыз және қажетті
қағаз түрі мен сапаны таңдаңыз.
44 3-тарау Басып шығару KKWW