User's Guide
●
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
●
Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу
●
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
●
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Қосымша, Windows компьютерлерінде сканерлеуге қатысты принтердің бағдарламалық құралын іске
қосу қажет.
Құжаттарды өңделетін мәтінге сканерлеу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын пайдалануға
болады. Қосымша ақпарат алу үшін Құжаттарды өңделетін мәтін ретінде сканерлеу бөлімін қараңыз.
Принтердің басқару құралынан компьютерге түпнұсқаны сканерлеу
Сканерлемес бұрын принтердің әлдеқашан компьютерге қосылғанын тексеріңіз.
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Басқару тақтасынан Сканерлеу түймесін түртіп, Компьютер параметрін таңдаңыз.
3. Компьютер атауын таңдаңыз.
4. Start (Бастау) түймесін түртіңіз.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (Windows)
Принтер компьютерге USB қосылымы арқылы қосылған болса, компьютерге сканерлеуге арналған
мүмкіндік әдепкі бойынша қосылады және ажырату мүмкін болмайды.
Желі қосылымын пайдаланып жатсаңыз, мүмкіндік өшірулі болса және оны қайта қосу қажет болса,
осы нұсқауларды орындаңыз.
1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
2. Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін, кейін Сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Компьютерге сканерлеуді басқару параметрін таңдаңыз.
4. Қосу түймесін басыңыз.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (OS X және macOS)
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігі зауыттық параметрде қосылады. Мүмкіндік өшірулі болса және
оны қайта қосу қажет болса, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. HP утилитасы ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP қызметті бағдарламасы НР қалтасында, Applications (Бағдарламалар)
қалтасында орналасқан.
2. Сканерлеу параметрлері тармағында Компьютерге сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Компьютерге сканерлеуді қосу параметрі таңдалғанын тексеріңіз.
46 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW