User's Guide
HP принтерінің бағдарламалық құралынан электрондық пошта арқылы жіберу үшін құжатты немесе
фотосуретті сканерлеу(Windows)
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің
бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймесін
басыңыз.
4. Сканерде қолданылатын өңделетін мәтіннің түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Тіркеме ретіндегі сканерден өткізілген файлы бар электрондық пошта бағдарламасын ашу үшін
Электрондық хабар PDF ретінде не Электрондық хабар JPEG ретінде таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы экран негізгі параметрлерді қарап шығуға және өзгертуге мүмкіндік
береді. Толық параметрлерді қарау және өзгерту үшін Сканерлеу диалогтық терезесінің жоғарғы
оң жақ бұрышындағы Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) бөлімін қараңыз.
Егер Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз
Тіркелгі параметрлерін өзгерту
1. Басты экранда Apps (Қолданбалар) белгішесін түртіңіз, содан кейін Scan-to-Email (Электрондық
поштамен жіберу үшін сканерлеу) қолданбасын түртіңіз.
2. Өзгертілетін электрондық пошта тіркелгісін таңдап, Modify (Өзгерту) түймесін түртіңіз.
3. Өзгерту қажет параметрді таңдап, экрандағы сұрауларды орындаңыз.
● Автоматты кіру
● Электрондық поштаны сақтау
● Тізімнен жою
● PIN кодты өзгерту
● Тіркелгіні жою
HP Smart арқылы сканерлеу
HP Smart қолданбасын құжаттарды не суреттерді принтер сканерінен сканерлеу үшін пайдалана
аласыз, сондай-ақ құрылғы камерасымен де сканерлеуге болады. HP Smart құрамында сканерленген
кескінді сақтау не бөлісу алдында оны реттеуге мүмкіндік беретін өңдеу құралдары қамтылады.
Сканерленген құжаттарды басып шығаруға, жергілікті түрде немесе бұлт қоймасында сақтауға,
электрондық пошта, SMS, Facebook, Instagram, т.б. арқылы бөлісуге болады. HP Smart арқылы
сканерлеу үшін пайдаланылатын құрылғы түріне байланысты төмендегі сәйке бөлімдегі нұсқауларды
орындаңыз.
●
Windows 10 құрылғысынан сканерлеу
●
Android немесе iOS құрылғысынан сканерлеу
KKWW Сканерлеу 49