User's Guide
Қалыпты факсты компьютер арқылы жіберу (OS X және macOS)
1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.
2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймесін басыңыз.
3. Атауында «(Факс)» делінген принтерді таңдаңыз.
4. Факс нөмірінің жазбасы бұрыннан бар Контактілеріңізден факс нөмірін немесе атауын енгізіңіз.
5. Факс мәліметін толтыруды аяқтаған кезде Факс түймесін басыңыз.
Факсты телефоннан жіберу
Факсты қосымша телефонмен жіберуге болады. Бұл факсты жібермес бұрын алушымен сөйлесуге
мүмкіндік береді.
Факсты қосымша телефоннан жіберу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Принтерге қосылған телефондағы пернетақтаны қолдану арқылы нөмірді теріңіз.
Алушы телефон қоңырауына жауап берсе, алушыға факс сигналы естілгеннен кейін факс
құрылғысынан факсты қабылдауы тиіс екендігін хабарлаңыз. Қоңырауға факс құрылғысы жауап
берсе, факс құрылғысынан факстың дыбыстық сигналын естисіз.
3. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
4. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
5. Факсты жіберуге дайын болған кезде Жіберу түймесін басыңыз.
КЕҢЕС: Әдепкіде принтер ақ-қара түсті факс жіберуге реттеледі. Ақ-қара түсті факс жібергіңіз
келсе, әдепкі түсті өзгерту үшін, ( Факс параметрлері ) түймесін басыңыз.
Факс жіберіліп жатқанда телефон тыныш болады. Алушымен кейін сөйлескіңіз келсе, толық
жіберілгенге дейін желіде болыңыз. Алушымен сөйлесіп болсаңыз, факс жіберіліп бастаған кезде
телефон тұтқасын көтеруіңізге болады.
Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
Мониторда теруді қолданып факс жіберген кезде, теру сигналдарын, телефон ескертулерін немесе
басқа дыбыстарды принтердегі үндеткіш арқылы есітуге болады. Бұл теру кезінде ескертулерге
жауап беру, сондай-ақ, терудің жылдамдығын басқару мүмкіндіктерін қосады.
КЕҢЕС: Телефон картасын қолданып жатсаңыз, PIN кодты жеткілікті жылдам енгізбеңіз, принтер
факстың дыбыстық сигналдарын тым жақын арада жіберуі мүмкін және ол PIN кодтың телефон
картасының қызметі арқылы танылмауын туғызуы мүмкін. Осындай жағдай туындаса, телефон
картасына арналған PIN кодты сақтау үшін телефон кітапшасының контактісін жасауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыстық сигналды есіту үшін дыбыстың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Принтердің басқару тақтасында мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
1. Түпнұсқаның басып шығарылатын бетін сканердің әйнегіне төмен қаратып немесе құжатты
беретін құралға жоғары қаратып салыңыз.
2. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
KKWW Факс жіберу 59