User's Guide

3. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
4. Жіберу түймесін түртіңіз.
КЕҢЕС: Әдепкіде принтер ақ-қара түсті факс жіберуге реттеледі. Ақ-қара түсті факс жібергіңіз
келсе, әдепкі түсті өзгерту үшін, ( Факс параметрлері ) түймесін басыңыз.
5
. Дыбыстық сигналды естіген кезде, принтердің басқару панеліндегі пернетақтаны қолдану
арқылы нөмірді енгізіңіз.
6. Туындауы мүмкін кез келген ескертулерді орындаңыз.
КЕҢЕС: Факс жіберу үшін телефон картасын пайдаланып жатсаңыз және телефон картасының
PIN кодын телефон кітапшасының контактісі ретінде сақтаған болсаңыз, PIN кодты енгізу
сұралғанда, ( Телефон кітапшасы ) түймесін, одан кейін PIN коды сақталған телефон
кітапшасының контактісін таңдау үшін Жергілікті телефон кітапшасы түртіңіз.
Факс құрылғысының жауаптарын алған кезде факс жіберіледі.
Принтер жадын пайдалану арқылы факс жіберу
Жадқа қара және ақ түсті факсты сканерлеуге және одан кейін факсты жадтан жіберуге болады. Бұл
мүмкіндік факс жіберуге әрекет жасалып жатқан факс нөмірі бос емес немесе уақытша қол жетімсіз
болған кезде пайдалы. Принтер түпнұсқаларды жадқа сканерлейді және қабылданатын факс
құрылғысына байланыс орнатылған кезде жіберіледі. Принтер беттерді жадқа сақтағаннан кейін,
құжатты жүктейтін науадан немесе сканер әйнегінен түпнұсқаларды жылдам алып тастауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Жадтан тек қана қара және ақ түсті факсты жібере аласыз.
Принтер жадын пайдалану арқылы факсті жіберу
1. Сканерлеу және факс жіберу әдісі қосулы екендігін тексеріңіз.
а. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
ә. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
б. Оны қосу үшін Scan and Fax Method (Сканерлеу және факс жіберу әдісі) түймесін түртіңіз.
2. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын жағын жоғары қаратып салыңыз.
3. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
4. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
5. Пернетақтаны қолдану арқылы факс нөмірін енгізіңіз.
Немесе ( Телефон кітапшасы ) түймесін түртіп, терілетін нөмірді немесе топты таңдау үшін,
Жергілікті телефон кітапшасы немесе Қоңыраулар журналы түймесін түртіңіз.
6. Факс жіберу түймесін түртіңіз.
Принтер түпнұсқаларды жадқа сканерлейді және қабылданатын факс құрылғысы қол жетімді
болған кезде факс жіберіледі.
Бірнеше алушыларға факс жіберу
Екі немесе одан да көп алушылардан тұратын топтық телефон кітапшасының контактісін жасау
арқылы факсты бірнеше алушыларға жіберуге болады.
60 5-тарау Факс KKWW