User's Guide
болады. Кіріс факсы қабылданғанда, принтер қоңырауды блоктау қажеттігін анықтау үшін нөмірді
қалаусыз факс нөмірлерінің тізімімен салыстырады. Нөмір блокталған факс нөмірлері
тізіміндегі нөмірге сәйкес келсе, факс басып шығарылмайды. (Блоктауға болатын факс нөмірлерінің ең
үлкен саны үлгіге байланысты әртүрлі болады.)
ЕСКЕРТПЕ: Мүмкіндікке барлық елдерде/аймақтарда қолдау көрсетілмейді. Еліңіз/аймағыңыз мұны
қолдамайтын болса, Қалаусыз факсты блоктау Басымдықтар мәзірінде пайда болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Ешбір телефон нөмір қоңырау шалушының идентификатор тізіміне қосылмаса, бұл
қоңырау шалушының идентификатор қызметіне жазылмадыңыз дегенді білдіреді.
Белгілі бір факс нөмірлерін қалаусыз факс тізіміне қосу арқылы блоктауға, тізімнен жою арқылы
блоктан шығаруға және блокталған қалаусыз факс нөмірлерінің тізімін басып шығаруға болады.
Нөмірді қалаусыз факс тізіміне қосу
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Басымдықтар түймесін түртіңіз.
4. Қалаусыз факсты блоктау басыңыз.
5.
(Қосу белгісін) түртіңіз.
6. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Қоңыраулар журналының тізімінен блокталатын факс нөмірін таңдау үшін ( Қоңыраулар
журналы ) түймесін басыңыз.
● Блокталатын факс нөмірін қолмен енгізіп, Add (Қосу) түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Алынған факстың факс тақырыбында көрсетілетін факс нөмірін емес, басқару
тақтасы дисплейінде көрсетілетін факс нөмірін енгізгеніңізді тексеріңіз, себебі бұл нөмірлер
әртүрлі болады.
Қалаусыз факс нөмірлерінің тізімінен нөмірлерді жою
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Басымдықтар түймесін түртіңіз.
4. Қалаусыз факсты блоктау басыңыз.
5. Жойылатын нөмірді түртіп, Жою түймесін түртіңіз.
Қалаусыз факс тізімін басып шығару үшін
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін, одан кейін Есептер басыңыз.
3. Факс есептерін басып шығару түймесін түртіңіз.
4. Қалаусыз факс есебі түймесін түртіңіз.
5. Басып шығаруды бастау үшін Басып шығару түймешігін басыңыз.
KKWW Факс қабылдау 65