User's Guide

Телефон кітапшасының контактілерін орнату
Жиі қолданылатын факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде орнатуға болады.
Бұл принтердің басқару тақтасын пайдалану арқылы сол нөмірлерді жылдам теруге мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Принтердің басқару тақтасынан телефон кітапшасының контактілерін жасап және басқарып
қана қоймай, сондай-ақ НР принтер бағдарламалық құралы мен принтер EWS секілді компьютеріңізде
қолжетімді құралдарды пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Принтердің басқару
құралдары бөлімін қараңыз.
Телефон кітапшасы контактісін жасау және өзгерту
Топтық телефон кітапшасының контактілерін жасау және өзгерту
Телефон кітапшасының контактілерін жою
Телефон кітапшасы контактісін жасау және өзгерту
Факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде сақтауға болады.
Телефон кітапшасының контактілерін орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Телефон кітапшасы түймесін түртіңіз.
3. Контактіні қосу үшін (Қосу белгісі) түймесін түртіңіз.
4. Name (Аты) түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің атын теріңіз де, Дайын түймесін
түртіңіз.
5. Fax Number (Факс нөмірі) түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің факс нөмірін енгізіңіз
де, Дайын түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Аймақ коды, жеке телефон станциясынан (PBX) тыс жерлердегі нөмірлер үшін рұқсат
коды (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ арақашықтықтағы префикс сияқты басқа да қажетті
нөмірлерді немесе үзілістерді енгізгеніңізді тексеріңіз.
6. Қосу түймесін түртіңіз.
Телефон кітапшасының контактілерін өзгерту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Телефон кітапшасы түймесін түртіңіз.
3. Өзгертілетін телефон кітапшасының контактісін түртіңіз.
4. Аты түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің атын өзгертіңіз де, Дайын түймесін түртіңіз.
5. Факс нөмірі түймесін түртіп, телефон кітапшасы контактісінің факс нөмірін өзгертіңіз де, Дайын
түймесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Аймақ коды, жеке телефон станциясынан (PBX) тыс жерлердегі нөмірлер үшін рұқсат
коды (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ арақашықтықтағы префикс сияқты басқа да қажетті
нөмірлерді немесе үзілістерді енгізгеніңізді тексеріңіз.
6. Дайын түймесін түртіңіз.
66 5-тарау Факс KKWW