User's Guide

Факс дыбысының деңгейін орнату
Факс дыбыстарының деңгейін өзгертуге болады.
Факс дыбысының деңгейін орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
3. Факс көлемі түймесін түртіңіз.
4. Тихий (Бәсең), Громкий (Қатты) немесе Өшірулі параметрін таңдау үшін басыңыз.
КЕҢЕС: Құралдар тақтасында (Fax Status (Факс күйі) түймесі) түймесін басу арқылы да осы
мүмкіндікті пайдалануға болады.
Факс және сандық телефон қызметтері
Көптеген телефон компаниялары тұтынушыларға келесі сияқты сандық телефон қызметтерін береді:
Сандық абоненттік желі (DSL): Телефон компаниясы арқылы сандық абоненттік желі (САЖ)
қызметі. (Сандық абоненттік желі (DSL) сіздің еліңізде/аймағыңызда ассиметриялық сандық
абоненттік желі (АDSL) деп аталуы мүмкін.)
Жеке телефон станциясы (PBX): Жеке телефон станциясының (PBX) телефон жүйесі.
Біріктірілген қызметтердің сандық желісі (ISDN): Біріктірілген қызметтердің сандық желісінің
(ISDN) жүйесі.
VoIP: Интернетті қолдану арқылы принтермен факстарды жіберуге және қабылдап алуға
мүмкіндік беретін төмен бағадағы қызмет. Бұл әдіс интернет протоколы арқылы дыбыстық факс
жіберу (VoIP) деп аталады.
Қосымша ақпарат алу үшін Интернет протоколы арқылы дыбыстық факс жіберу бөлімін қараңыз.
HP принтерлері дәстүрлі ұқсас телефон қызметтерімен бірге қолдану үшін арнайы жасалған. Егер
сандық телефон ортасында (мыс., DSL/ADSL, PBX немесе ISDN), принтердің факс қызметін орнатып
жатқанда, сандық-аналогтық сүзгілерді немесе түрлендіргіштерді қолдану қажет болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: HP корпорациясы принтердің барлық сандық орталарда барлық сандық қызмет
желілерімен немесе қызметті берушілермен, сандық-аналогтық түрлендіргіштермен сәйкестігіне
кепілдеме бермейді. Әрқашан телефон компанияларының берілген желі қызметтеріне негізделіп
дұрыс орнату параметрлерін алу үшін тікелей компаниямен талқылау ұсынылады.
Интернет протоколы арқылы дыбыстық факс жіберу
Интернетті қолдану арқылы принтермен факстарды жіберуге және қабылдап алуға мүмкіндік беретін
төмен бағадағы қызметке жазылуыңызға болады. Бұл әдіс интернет протоколы арқылы факс жіберу
(VoIP) деп аталады.
Келесі көрсеткіштер сіз пайдалануыңыз мүмкін VoIP қызметі:
Факс нөмірінің қасына арнайы теру кодын теріңіз.
Факс байланысы үшін аналогты телефон порттарын беретін және Интернетке байланысды
беретін идентификация нүктесін түрлендіргіш қорапша бар.
72 5-тарау Факс KKWW