User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Принтерде «1-LINE» деп белгіленген портқа телефон сымын жалғау арқылы тек қана
факстарды алуға және жіберуге болады. Бұл Интернетке қосылымды түрлендіргіш қорапша (факс
қосылымдары үшін жүйелі аналогты телефон ұяларын береді) немесе телефон компаниясы арқылы
жасалуы қажет дегенді білдіреді.
КЕҢЕС: Интернет протоколының телефон жүйелері арқылы дәстүрлі факс тасымалдауларына
қолдау көрсету жиі шектеулі болады. Факс жіберу бойынша ақаулықтар туындаса, жай факс
жылдамдығын қолданып немесе факс қатесін түзету күйін (ECM) ажыратып көріңіз. Дегенмен, қатені
түзету күйін ажыратқан болсаңыз, түсті факстарды жіберу немесе қабылдап алу мүмкін болмайды.
Интернет арқылы факс жіберу туралы сұрақтарыңыз болса, Интернет бойынша факс жіберу
қызметтеріне қолдау көрсету бөлімімен немесе әрі қарай көмек алу үшін жергілікті қызмет
көрсетушімен байланысыңыз
.
Есептерді қолдану
Принтерді әрбір жіберілетін және қабылдап алынатын факс үшін қате есептерін және растау есептерін
басып шығаратын етіп орнатуға болады. Талап етілгенде жүйенің есептерін қолмен басып шығаруға
да болады. Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
Әдепкі бойынша принтер факсты жіберу немесе қабылдап алу кезінде ақаулық болғанда ғана есепті
басып шығаратын етіп орнатылады. Факстың сәтті жіберілгенін анықтайтын растау хабары әрбір
таратудан кейін басқару тақтасының дисплейінде аз уақытқа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Есептер түсініксіз болса, басқару тақтасынан немесе НР бағдарламалық құралынан
анықталған сия деңгейлерін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Анықталған сия деңгейлерін
тексеру бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Сия деңгейінің төмендігі туралы ескертуді алған кезде ықтимал басып шығару
кідірістерін болдырмау үшін қосымша картридж болған жөн. Басып шығару сапасы ұнамсыз
болмайынша картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Басып шығару механизмдерінің және картридждердің жақсы жағдайларда болуын және
дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Сия картридждерімен жұмыс істеу
бөлімін қараңыз.
Осы бөлімде төмендегідей тақырыптар бар:
●
Факсты растау есептерін басып шығару
●
Факстың қате есептерін басып шығару
●
Факс жұрналын басып шығару және қарап шығу
●
Факс жұрналын тазалау
●
Соңғы факсты таратудың толық деректерін басып шығарыңыз
●
Қоңырау шалушы нөмірінің есебін басып шығару
●
Қоңырау шалу тарихын қарап шығу
Факсты растау есептерін басып шығару
Не факс жіберілген кезде, не факс жіберіліп немесе қабылданған кезде растау есебін басып шығаруға
болады. Әдепкі параметр - Вкл (при отправке) (Қосулы (Факс жіберілгенде). Өшірулі кезде растау
хабары басқару тақтасында факс жіберілгеннен немесе қабылданғаннан кейін аз уақыт көрінеді.
KKWW Есептерді қолдану 73