User's Guide

Факсты растауды қосу
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Есептер түймесін, содан соң Факсты растау түймесін басыңыз.
4. Келесі параметрлердің бірін таңдау үшін басыңыз.
Қосулы (Факс
жіберілгенде)
Әрбір жіберілген факс үшін факсты растау есебін басып шығарады.
Қосулы (Факс
қабылданғанда)
Қабылданған әрбір факс үшін факсты растау есебін басып шығарады.
Қосулы (Факс
жіберілгенде және
қабылданғанда)
Жіберілген және қабылданған әрбір факс үшін факсты растау есебін басып шығарады.
Өшірулі Факстар сәтті жіберілгенде немесе қабылданғанда факсты растау есебін басып
шығармайды. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Есепте факстың кескінін қамту
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Есептер түймесін, содан соң Факсты растау түймесін басыңыз.
4. Қосулы (Факс жіберілгенде) немесе Қосулы (Факс жіберілгенде және қабылданғанда)
түймесін басыңыз.
5. Потверждение факса с изображением (Факсты кескінімен растау) түймесін түртіңіз.
Факстың қате есептерін басып шығару
Тарату немесе қабылдау кезінде қате туындаса, принтерді автоматты түрде есепті басып шығаратын
етіп теңшеуге болады.
Факс қатесінің есептерін автоматты түрде басып шығаратын етіп принтерді орнату
1. Принтердің басқару тақтасының дисплейінен Факс түймесін басыңыз.
2. Теңшеу түймесін түртіңіз.
3. Есептер және Факс ақауы туралы есеп түймесін түртіңіз.
4. Келесі параметрлердің бірін таңдау үшін басыңыз.
Қосулы (Факс
жіберілгенде)
Қашан болмасын тарату қатесі орын алған кезде басып шығарады. Бұл әдепкі параметр
болып табылады.
Қосулы (Факс
қабылданғанда)
Қандай да болмасын қабылдау қатесі туындаған кезде басып шығарады.
Қосулы (Факс
жіберілгенде және
қабылданғанда)
Қашан болмасын факс қатесі орын алған кезде басып шығарады.
Өшірулі Ешбір факс қатесі есептерін басып шығармайды.
74 5-тарау Факс KKWW