Installation instructions

Нормативтік үлгі нөмірі мен қарапайымдастырылған
сәйкестілік мәлімдемесі
Реттеуші үлгі нөмірі (RMN) - TPC-W023-34. RMN нөмірі жүйелік ақпарат ұясының ішіндегі қойындыда
орналасқан.
Бұдан былай HP компаниясы бұл өнімді маңызды талаптар мен 1999/5/EC директивасының басқа
қатысты шарттарына сәйкес келеді деп жариялайды. Бұл жабдықтың сәйкестілік мәлімдемесін көру
үшін www.hp.eu/certicates сілтемесіне өтіп, өнімнің РНМ нөмірі бойынша іздеңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін:
Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суыру арқылы құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат сымы 3 істікшелі ажыратқышпен берілсе, оны (жерге қосылған) 3 істікшелі розеткаға
қосыңыз. Қуат сымының жерге қосу істікшесін (мысалы, 2 істікшелі адаптер қосу арқылы)
ажыратпаңыз. Жерге қосу істікшесі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды
болып табылады.
Қосымша қауіпсіздік пен заң туралы мәліметтерді және батареяларды жою туралы ақпаратты
алу үшін пайдаланушы нұсқаулықтарымен бірге ұсынылатын Заңдық, қауіпсіздік және
экологиялық ескертпелер құжатын қараңыз. Компьютердің пайдаланушы нұсқаулықтарының
орнын білу үшін осы постердің «Толығырақ ақпарат» бөлімін қараңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ! Қатты жарақаттану қаупін азайту үшін Инструкция безопасного и удобного
использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы) нұсқаулығын оқыңыз.
Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және жұмыс орнын дұрыс
реттеу жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері
сипатталады. Бұл Инструкция безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және
қолайлы жұмыс жасау нұсқаулығы) нұсқаулығында маңызды электр және механикалық
жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері де беріледі.
Инструкция безопасного и удобного использования (Қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау
нұсқаулығы) нұсқаулығын http://www.hp.com/ergo торабынан да алуға болады.
АБАЙЛАҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету
жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін
бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған
қосымша принтер сияқты қатты заттың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ
беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс кезінде айнымалы ток
адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке тимеуін
қадағалаңыз. Компьютер және айнымалы ток адаптері Ақпараттық технология жабдығы
қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950-1 және оның соңғы нұсқасы немесе түзетуі)
арқылы белгіленетін пайдаланушы үшін рұқсат етілген бет температурасына сәйкес келеді.
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P.
McAfee LiveSafe – АҚШ және басқа елдердегі McAfee, Inc. компаниясының сауда белгісі. Windows – АҚШ
және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі.
Барлық мүмкіндіктер барлық Windows нұсқаларында жұмыс істемеуі мүмкін. Windows жүйесінің
мүмкіндіктерін толығымен пайдалану үшін компьютердегі аппараттық құралды, драйверлерді және/
немесе бағдарламалық құралды жаңарту және/немесе бөлек сатып алу қажет болуы мүмкін. Толық
ақпаратты http://www.microsoft.com веб-торабынан қараңыз.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек
осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі.
Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжаттағы
техникалық немесе редакторлық қателер, не болмаса қалып кеткен мәліметтер үшін жауапты емес.
Екінші шығарылым: Желтоқсан, 2015 ж.
Бірінші басылым: Қыркүйек, 2015 ж.
Windows Бастау экранын қарап шығу
Windows Бастау экраны орталық орынды береді, онда ақпарат пен электрондық поштаға қол жеткізуге, вебті шолуға, бейнелерді жылдам көрсетуге,
фотосуреттерді көруге және әлеуметтік мультимедиа веб-тораптарын ашуға болады.
Бастау мәзірін көрсету
Тапсырмалар тақтасының төменгі сол жақ бұрышындағы
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз.
Іздеу
Тапсырмалар жолағының іздеу жолағында қолданба,
параметр, файл немесе интернет тақырыбының атауын
теруді бастаңыз.
Қолданбаларды көрсету
Пуск астау) түймешігін кейін Барлық бағдарламалар
параметрін таңдаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтау
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз, Питаниеуат)
белгішесін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау)
пәрменін таңдаңыз.
Ашық қолданбалар арасында ауысу
Тапсырмалар тақтасындағы Тапсырма көрінісі белгішесін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows экранының көрінісі өзгеше болуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласу
Жабдық немесе бағдарламалық құрал ақауын шешу үшін
http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз. Бұл сайтты
ақауларды жою туралы талқылау форумдар және
нұсқаулардың сілтемелерін қамтитын өнім туралы ақпаратты
алу үшін пайдаланыңыз. Сонымен қатар HP компаниясына
хабарласу және қолдау көрсету қорабы туралы ақпаратты
алуыңызға болады.
Бұл құжат туралы пікір
Бұл құжатты жақсарту мақсатында қандай да ұсыныстар,
пікірлер жіберу немесе қателіктер туралы хабарлау қажет болса,
doc.feedback@hp.com эл.поштасына хабарласыңыз. Хатыңызда
құжаттың бөлшектің нөмірін трих кодтың жанында орналасқан)
қамтыңыз ұмытпаңыз.
Өнім сипаттамасы
Бұл өнім көп функциялы үстел компьютері, үстел компьютері, жұқа
клиент немесе жеке жүйе және жұқа панелді дисплей, сенсорлы
тақта, процессор, RAM, қатты драйв немесе қатты күйдегі драйв, ішкі
қуат жабдықтаушысы мен сыртқы АТ адаптерін қажет етуі мүмкін.
Компьютер үлгісіне қарай, өнімдердің шамалары 100-240 В ат,
200-240 В ат немесе 100-127/200-240 В ат, 50-60 Гц немесе
50/60 Гц, 1,5 A, 3 A, 4 A, 5,5 A, 6 A, немесе 8 A. AТ адаптерінің шамасы
100-240 В ат, 50-60 Гц немесе 50-60Гц, 0,5 A, 0,6 A, 0,8 A, 1 A, 1,2 A,
1,4 A, 1,5 A, 1,6 A, 1,7 A, 2 A, 2,2 A, 2,25 A, 2,4 A, 2,5 A, 2,7 A, 2,9 A,
немесе 4 A. Егер сымсыз пернетақта, тінтуір және РЖ қашықтан
басқару құралын қолдансаңыз, өнімдердің шамалары 1,5 В тк,
3 В тк немесе 3,2 В тк, 5 мA, 10 мA, 20 мA, 25 мA, 30 мA, 40 мA немесе
50 мA болады. Соңғы ашылған пайдаланушы нұсқаулығын ашу үшін
http://www.hp.com/support мекенжайын ашып, еліңізді таңдаңыз.
Программное обеспечение и драйверы (Бағдарламалық
жасақтама және драйверлер) опциясын таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы дербес компьютерде алдын ала орнатылған кез келген бағдарламалық құрал өнімін
орнату, көшіру, жүктеп алу немесе басқа жолмен пайдалану арқылы HP Түпкі пайдаланушы
лицензиялық келісіміне (EULA) бағынуға келісесіз. Егер сіз осы лицензиялық шарттармен
келіспесеңіз, қолданылмаған өнім қаражатын қайтару ережелеріне сәйкес төленген
қаражатты толық қайтарып алу үшін пайдаланбаған өнімді (аппараттық және бағдарламалық
құралды) 14 күн ішінде сатушыға қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат үшін немесе компьютердің толық құнын қайтаруға талап қалдыру үшін
сатушымен байланысуыңызды сұраймыз.
Шектеулі кепілдік
НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе
DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе
аймақтарда НР компаниясы басылған кепілдігін қорапта ұсынады. Кепілдік басып шығарылған
пішімде берілмеген елдерде немесе аймақтарда көшірмесін http://www.hp.com/go/orderdocuments
торабында сұрауға болады. Азиялық Тыныс мұхит аймағында сатып алынған өнімдер үшін
HP Hewlett Packard компаниясының мына мекенжайына хат жазуға болады: POD, P.O. Box
200, Alexandra Post Oice, Singapore 911507. Өнім атауы мен атыңызды, телефон нөмірін және
пошталық мекенжайыңызды жазуды ұмытпаңыз.
Жүйелік ақпаратты табу
Өнім нөмірі, сериялық нөмір және кепілдік мерзімі төменде көрсетілгендей
жүйелік ақпарат ұясының ішіндегі қойындыда орналасқан. Қойындыны
ұясынан шығарып алу үшін қойындыда ішке қарай ақырын басып,
төмен қарай тартыңыз. Қойындыны ұясына қайта енгізу үшін бекем
бекітілмейінше қойындыда ішке қарай ақырын басыңыз.