Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP EliteDesk 705 G2 MT бизнес компьютері
© Copyright 2015 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нәрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық HP EliteDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мәтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері .................................................................................................. 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері .........................
қосымшасы ә Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 38 Электр статикалық разрядты болдырмау ...................................................................................................... 38 Жерге қосу әдістері ............................................................................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше драйв саңылауын жабатын қақпақша болады. 1 Жұқа оптикалық диск (қосымша) 6 SD медиа карта оқығышы (қосымша) 2 Қос күйлі қосу түймесі 7 Оптикалық драйвтың жұмыс шамы 3 USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты (қара) 8 USB 2.0 ұясы (қара) 4 USB 3.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері 1 PS/2 пернетақта қосқышы (күлгін) 7 Қуат сымының қосқышы 2 DisplayPort мониторының қосқыштары 8 PS/2 тінтуір қосқышы (жасыл) 3 VGA мониторын қосқыш 9 Сериялық қосқыш 4 USB 3.0 порттары (көк) 10 RJ-45 желі қосқышы 5 USB 2.0 порттары (қара) 11 S4/S5 мүмкіндігінен (қара) ізі бар USB 2.
Сериялық нөмір орны Әрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір және өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін алу Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Панельді компьютерге (1) қойып, оны орнына бекітілмейінше алға қарай (2) жылжытыңыз.
Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады.
Жіңішке оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық дискінің саңылауын жабатын қақпақша болады. Оптикалық дискіні орнатпас бұрын бітеуіш жапқышты алыңыз. Бітеуіш жапқышты алу: 1. Алынбалы панель мен алдыңғы жапқышты алыңыз. 2. Бітеуіш жапқышты алу үшін төменгі құлақшаны жоғары қарай басып, жапқыштың (1) бүйіріндегі жоғарғы құлақшаны төмен қарай басыңыз, сосын жапқышты бітеуіштің (2) алдыңғы жағынан бұрап шығарыңыз.
Жүйе тақтасының жалғаулары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
Қосымша жад орнату Бұл компьютер төмен қуатты қос дерек беру жылдамдықты 3 синхронды динамикалық жұмыс жады (DDR3L-SDRAM) екі жақты жад модульдерімен (DIMM) бірге беріледі. Сонымен қатар ол стандартты DDR3-SDRAM DIMMS қолдайды. DIMM құралдар Жүйе тақтасындағы жад ұяшықтары төрт өнеркәсіптік-стандартты DIMM құралдарымен толтырылуы мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын-ала орнатылған DIMM болады.
жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
6. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз. Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең болатындай толтырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін DIMM ұяшықтарын толтыру (11-бет) бетті қараңыз. 7.
Кеңейту картасын алу немесе орнату Компьютердің екі PCI Express x1 кеңейту ұялары, бір PCI Express x16 кеңейту ұялары және бір x4 ұясына қосылатын бір PCI Express x16 кеңейту ұясы бар. ЕСКЕРТПЕ: PCI Express x1, x8 немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұясына орнатуға болады. Қос графикалық деректер картасының конфигурациясы үшін бірінші (бастапқы) карта a x4 ұяшығында берілісті төмендетпейтін PCI Express x16 ұясына орнатылуы қажет. Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін: 1.
а. Егер бос ұяшыққа кеңейту картасын орнатып жатсаңыз, кеңейту ұяшығының жапқыштарының біреуін жоғары сырғытып, корпустан шығарып алу керек немесе кеңейту ұяшығын жауып тұратын артқы тақтадағы металл қалқаншаларды шешіп алу үшін жалпақ ұшты бұрауышты пайдалану керек. Орнатылудағы кеңейту картасы үшін тиісті қалқанды міндетті түрде алыңыз. ә. PCI Express x1 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз.
б. 9. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 10. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
11. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұясында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 12. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз.
16. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 17. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз. Диск орындары 1 9,5 мм жіңішке оптикалық дискі саңылауы 2 3,5 дюймдік екінші қатты диск орны 3 3,5 дюймдік бастапқы қатты диск орны ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін. Компьютерде орнатылған сақтау құралдарының түрін, өлшемін растау үшін, компьютер орнатуларын қосыңыз.
Дискілерді орнату және алу Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек. ● Екінші қатты дискілер мен оптикалық дискілерді жүйе тақтасындағы бір ашық-көк SATA жалғағышына қосыңыз (SATA1 және SATA2 деген жапсырмалары бар). ● HP қатты диск ұясының (1) жанындағы шассидің алдыңғы жағында орнатылған төрт қосымша 6-32 қатты диск орнату бұрандасын берген.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6.
9,5 мм жіңішке оптикалық жетекті орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
9. Оптикалық дискіні шассидің алдыңғы жағы (1) арқылы саңылауға қарай жасыл құлақша корпус жақтауына (2) құрсауланғанша сырғытып салыңыз. 10. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) қосыңыз. 11. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 немесе SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз. 12. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 13. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 14.
Қатты дискіні алу ЕСКЕРТПЕ: Ескі қатты драйвты алғанға дейін, деректі жаңа қатты драйвқа өзгерте алатындай ескі қатты драйвтағы деректердің көшірмесін жасағаныңызға сенімді болыңыз. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
7. 24 Дискінің қасындағы жасыл ілгекті сыртқа қарай итеріп (1), дискіні орнынан сырғытып шығарыңыз (2).
Қатты дискіні орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады.
● 7. Драйвты адаптер саңылауының сөресіне төрт қара M3 адаптер сөресінің бұрандаларымен төрт жағынан бекітіңіз. Төрт орнату бұрандасын 3,5 дюймдік жетек немесе 2,5 дюймдік жетек адаптері кронштейнінің бүйірлеріне (әр бүйіріне екеуден) орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы қатты диск ұяларының жанындағы шассиде орнатылған қосымша төрт орнату бұрандасын береді. Қосымша бекіту бұрандалары орнының суретін Дискілерді орнату және алу (19-бет) бөлімінде қараңыз.
8. Диск орнына бекігенше бекіту бұрандаларының жетекші ұяшықтармен бірге орналасқанына көз жеткізе отырып, диск ұяшығына дискіні сырғытыңыз. 9. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. 10. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сәйкес жүйе тақтасының қосқышына жалғаңыз.
Қауіпсіздік құлпын орнату Төменде және келесі бетте көрсетілген Қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін қолдануға болады.
HP бизнес PC қауіпсіздік құлпы V2 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңызға сәйкес келетін бұрандаларды (бұрандалар берілмеген) (1) пайдаланып үстелге тіркеңіз және қақпақты кабель ысырмасының (2) негізіне тырс етіп жабыңыз. 2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
30 3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
32 7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұранданы (1) пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (2) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (3) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
9. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі.
Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі Алдыңғы бітеуіш оның ішіне шассидің алдыңғы жағына бұранданы орнату арқылы орнына бекітілуі мүмкін. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
а Батарея ауыстыру Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатын қуаттандырады. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютер 3-вольттық тиын тәріздес ұялы литий батареясымен келеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
а. Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз. ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1). ә. Жаңа батареяны салу үшін, ауыстыратын батареяның бір жақ шетін оң жағы жоғары қараған ұстағыштың ернінің астымен сырғытып салыңыз.
ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 8. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 9. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 10. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз.
в Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А алдыңғы бітеуіш жапқышты алу 9 алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі 34 алдыңғы жапқышты құлыптайды 34 алдыңғы жапқышы алып тастау 8 ауыстыру 9 алдыңғы қауіпсіздік жапқышы 34 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу алдыңғы жапқышы 8 кеңейту картасы 14 алынбалы қатты драйв 23 артқы тақта құрамдас бөлшектері 3 ашу панелін алу 6 ашу панельді орнына салу 7 Б батарея ауыстыру 35 батареяны алу 35 салу 35 бітеуіш жапқышты алу 9 Д диск кабельдерін орнату 19 дискілер орны 18 дискілерді орнату 19 дискілердің кабельдік