User Guide - Windows 7
2 Компьютермен танысу
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді.
(2) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар,
тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар
дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон
құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы
қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы
нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка НР (НР
анықтамасы және қолдау) > Документация НР (НР құжаттары)
тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап) және
аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес келетін 4
сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(3) USB 3.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі
сияқты қосымша USB құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану (49-бет) бөлімінен қараңыз.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары
жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе
дыбыс құрылғыларын қосады.
(5) USB C типті (Thunderbolt-3
қосылған) порттар (2)
Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын жалғаңыз.
4 2-тарау Компьютермен танысу