User Guide - Windows 7
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондар, планшеттер және MP3
ойнатқыштары сияқты құрылғыларды зарядтауға болады.
Сондай-ақ, бейне шығыс ұясын қамтамасыз ету үшін USB Type-C
порттарының кейбір түрлері арқылы DisplayPort, VGA, HDMI,
Thunderbolt және басқа бейне құрылғыларын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы мүмкін.
(6) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(7) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
●
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
●
Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
●
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея зарядталмай
тұрғанда):
●
Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз деңгейге
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея
шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
●
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан
немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2) RJ-45 (желі) ұясы/шамдары Желілік кабелді қосады.
●
Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
●
Сары (оң жақта): желі белсенділік танытуда.
(3) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторын немесе проекторын қосады.
Сол жағы 5