User Guide - Windows 7
Түймешіктер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде)
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті
басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз
уақыт басыңыз.
●
Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар
жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows® жүйесінің өшіру
процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем
дегенде 5 секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology
(Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз
тұрған компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік береді. Қосымша
ақпаратты Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану (37-бет) бөлімінен
қараңыз.
Қуат параметрлеріңіз туралы қосымша ақпарат алу үшін: Пуск (Бастау) >
Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе
және қауіпсіздік) > Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
тармақтарын таңдаңыз.
(2) Сымсыз байланыс
түймешігі
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс
орнатпайды.
10 2-тарау Компьютермен танысу