User Guide - Windows 8.1
Түймешіктер, динамиктер және саусақ ізін оқу құрылғысы
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін 
түймешікті басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін 
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу 
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен 
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған 
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows® жүйесінің 
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру 
үшін қуат түймешігін кем дегенде 15 секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан 
қараңыз. Бастау экранында питание (қуат) сөзін теріп, 
Параметры питания и спящего режима (Қуат және ұйқылық 
режим параметрлері) тармағын таңдаңыз да, бағдарламалар 
тізімінен Питание и спящий режим (Қуат және ұйқылық 
режим) тармағын таңдаңыз.
(2)   Үндеткіштер Дыбыс шығарады.
(3) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз 
байланыс орнатпайды.
Жоғарғы жағы 11










