Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы OMEN X
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс.
Осы кітап туралы АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, өлім жағдайына немесе ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, өлім жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болған қауіпті жағдайды көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Маңызды, бірақ қауіпке қатысты емес болып есептелетін ақпаратты көрсетеді. Ескертпе пайдаланушыға процедураны дәл сипатталғандай орындалмаса, деректердің жойылуына немесе жабдық не бағдарламалық құралдың зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Алдыңғы жағы ..................................................................................................................................................... 2 Түс аймақтары .................................................................................................................................... 3 Оң жағы ........................
қосымшасы б Қосылу мүмкіндігі .................................................................................................................. 38 Қолдауы бар көмекші технологиялар ............................................................................................................. 38 Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................................... 38 Индекс ........................................................
1 Өнім мүмкіндіктері OMEN X өнімділігі жоғары, теңшелетін, кеңейтілетін ойын мұнарасы болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Өнімнің түстері мен мүмкіндіктері әртүрлі болуы мүмкін.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) (4) 2 Сипаттама Жарықтандырылған түс аймақтары Компьютерде бірегей жарықтандыру әсерлерін жасаңыз. Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. Құрал жинағы (логотипі бар панельдің астында орналасқан) Ішінде компьютер құрамдастары мен графикалық карта желдеткіштерін орнату үшін қажетті кілт пен бұрандалар бар. Тұғыр Компьютерді тік күйде ұстап тұрады.
Түс аймақтары Компьютер тоғыз бағдарламаланатын, жарықтандырылған түс аймағын қамтиды және олар бірегей жарықтандыру әсерлерін жасауға мүмкіндік береді. OMEN Control құралымен әр аймақтың немесе аймақ топтарының түстерін реттеуге болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді алғаш орнатқан кезде, барлық түс аймақтары қызыл түсті болады. OMEN басқару құралында теңшеуге болатын төрт түс әсері бар: ● Тұрақты түс — әрбір тоғыз түс аймағы үшін жарықтықты және жарық түсін теңшеңіз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік (3) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. ● Қосу: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты бекітілген сымсыз құрылғы қосулы. ● Өшірулі: Барлық кірістірілген сымсыз құрылғылар өшірулі. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
Бөлік Сипаттама ▲ (10) Диск ұясының ысырмасы Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан алып тастаңыз. Диск ұясын құлыптайды. Артқы жағы Бөлік (1) (2) Сипаттама Бүйірлік панельді босату ысырмасы Қауіпсіздік кабелінің ұясы Бүйірлік панельді босатады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақат алу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін 1300 Вт қуат блогын қамтитын компьютердің шасси қақпағын ашпаңыз.
Бөлік Сипаттама (5) USB Type-C SuperSpeed порты (тек таңдаулы өнімдерде) Ұялы телефон, камера, әрекет бақылауышы немесе смарт сағат сияқты Type-C қосқышы бар және жылдамдығы жоғары деректерді көшіруді қамтамасыз ететін USB құрылғысын қосады және зарядтайды. (6) USB 3.x порттары (өнімге байланысты 6 не 7) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғыларын жалғаңыз. (7) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
Түбіндегі Бөлік (1) Сипаттама Oптикалық диск Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына справка (анықтама) сөзін теріп, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) бөлімін таңдаңыз және іздеу жолағына совместимость диска (диск үйлесімділігі) сөздерін теріңіз. (2) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймесі Оптикалық диск жетегінің науасын босатады.
2 Құрылғы жаңартулары Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау алдында барлық қолданылатын нұсқауларды, сақтық шараларды және ескертулерді мұқият оқып шығыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, ыстық беттер немесе өрт нәтижесінде болатын дене жарақаты қаупін азайту үшін: Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз және ішкі жүйе бөліктерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік беріңіз. Қуат сымының жерге тұйықтау ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Құрал жинағына қатынасу Құрал жинағында мыналар бар: ● Қатты диск/қуат көзі құралы ● Бұрауыш/кілт, бір жағы Phillips, бір жағы алты қырлы. Алты қырлы бұрандалар графикалық картада және жүйе желдеткіштерінде (радиаторлар) пайдаланылады ● Бұрандалар Логотип қақпағын корпустан тартып шығарып (1), кабельді корпустан ажыратыңыз (2). Құрал жинағы логотип қақпағының (3) астында орналасқан.
Дискілерді ауыстыру немесе орнату Корпус төрт қатты диск бөлігін ұсынады. Корпус үш диск түріне қолдау көрсетеді: ● 3,5 дюймдік қатты диск ● 2,5 дюймдік қатты күйдегі дискі ● U.2 дискісі ЕСКЕРТПЕ: U.2 қатты дискілерін тек жоғарғы оң жақ диск бөлігіне орнатуға болады. Дискіні орнату 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Қатты диск есігінің оң жағынан жоғары тартып, есікті сол жаққа бұраңыз. Есіктің корпусқа жалғаулы қалатынын ескеріңіз.
3. Диск ұясының ысырмасын сол жаққа жылжытып (1), диск ұясын корпустан (2) тартып шығару үшін тарту қойыншасын пайдаланыңыз. 4. Барлық дискілерді бұрандалар арқылы диск ұясына бекіту керек. Бұранда орындары төмендегідей: (1) 3,5 дюймдік қатты диск және U.2 дискісі (2) 2,5 дюймдік қатты күйдегі дискі ЕСКЕРТПЕ: U.2 дискісін диск ұясына орнату алдында алдымен дискіні диск адаптерінің кронштейніне орнату керек. 5. Дискіні диск ұясына орнату үшін: а.
ә. 2,5 дюймдік қатты күйдегі дискі: Дискіні диск ұясына енгізіп (1), төрт бекіту бұрандасын орнатыңыз (2).
б. 6. 14 U.2 дискісі: Дискіні адаптер кронштейніне енгізіңіз және төрт бұрандамен бекітіңіз (1). Адаптер кронштейнінің жиынтығын диск ұясына енгізіп (2), төрт бекіту бұрандасын орнатыңыз (3). Диск ұясын диск бөлігіне енгізіп (1), диск ұясын бекіту үшін диск ұясының ысырмасын оң жаққа жылжытыңыз (2).
7. Қатты диск есігін оң жаққа бұраңыз және орнына түскенше басыңыз. Дискіні алып тастау МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қатты дискіні алып тастамас бұрын, деректерді жаңа қатты дискіге көшіру үшін қатты дискіден деректерді сақтық көшірмелеуді ұмытпаңыз. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Қатты диск есігінің оң жағынан жоғары тартып, есікті сол жаққа бұраңыз. Есіктің корпусқа жалғаулы қалатынын ескеріңіз.
3. Диск ұясының ысырмасын сол жаққа жылжытып (1), диск ұясын корпустан (2) тартып шығару үшін тарту қойыншасын пайдаланыңыз. 4. Дискіні диск ұясынан алып тастау үшін: а. 16 3,5 дюймдік қатты диск: Төрт бекіту бұрандасын (1) ұя бүйірлерінен алып тастап, дискіні ұядан көтеріп шығарыңыз (2).
ә. 2,5 дюймдік қатты күйдегі дискі: Төрт бекіту бұрандасын ұя астынан алып тастап (1), дискіні ұядан көтеріп шығарыңыз (2). б. U.2 дискісі: Диск адаптерінің кронштейнін диск ұясына бекітетін төрт бекіту бұрандасын алып тастаңыз (1). Адаптер кронштейнін диск ұясынан көтеріп шығарыңыз (2) және дискіні адаптер кронштейніне бекітетін төрт бұранданы алып тастаңыз (3). Одан кейін дискіні адаптер кронштейнінен алып тастаңыз.
Диск қауіпсіздігі Дискінің рұқсатсыз алынуын болдырмау үшін қатты дискіні тарту қойыншасын диск ұясына енгізуге болады. 18 1. Қатты диск есігінің оң жағынан жоғары тартып, есікті сол жаққа бұраңыз. Есіктің корпусқа жалғаулы қалатынын ескеріңіз. 2. Диск ұясының сыртынан тарту қойыншасын диск ұясының сыртынан қол жетімді болмайынша диск ұясына енгізіңіз. 3.
Алынбалы тақтаны алу және орнына салу Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет: 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Егер Phillips бұрандасы кіру панелін құлыптау үшін орнатылса, бұранданы (1) алып тастаңыз. 3. Босату түймесін (2) басып, кіру панелін бұрап, компьютерден (3) шығарыңыз. Кіру панелін ауыстыру үшін алып тастау рәсімдерін кері орындаңыз.
Жүйелік жадты орнату Компьютер қос деректер жылдамдықты 4 синхронды динамикалық кездейсоқ жадтың (DDR4-SDRAM) қос кірістірілген жад модульдерін (DIMM) пайдаланады. Жүйелік тақтада ең көп 32 ГБ жадымен толтыруға болатын төрт жад ұясы бар.
● Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді. ● Егер А арнасындағы DIMM модулінің жад сыйымдылығы В арнасындағы DIMM модулінің жад сыйымдылығына тең болса, жүйе өнімділігі жоғарылау қос арналы режимде жұмыс істейді. ● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді.
4. Жад модулін ысырмалары оны орнына түсіргенше ұяға енгізе беріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. 5. Қатынас тақтасын орнына салыңыз. 6. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. Компьютер қосымша жадты автоматты түрде таниды.
Оптикалық дискіні орнату және алып тастау Компьютер тек өте жұқа 9,5 мм SATA оптикалық дискілеріне қолдау көрсетеді. Оптикалық дискіні орнату 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Жапқышты оптикалық дискінің алдына орнатыңыз. 3. Босату ысырмасындағы екі кішкентай істікшені дискінің жанындағы кішкентай тесіктермен туралап, ысырманы дискіге қатты басыңыз. 4. Оптикалық дискіні орнына түскенше корпусқа енгізе беріңіз.
Оптикалық дискіні алып тастау 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Қағаз қыстырғышты оптикалық дискідегі тесікке енгізіп және ішке қарай басып, оптикалық диск науасын шығарыңыз. 4. Компьютер корпусының сыртында бұрауышты босату ысырмасының оң жағына енгізіңіз және ысырманы сол жаққа қарай басыңыз (1). Келесі қадамды орындаған кезде күш сала беріңіз. 5.
Графикалық карталарды орнату Бірнеше графикалық картаны және байланысты желдеткіштерді орнатуға болады. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Графикалық картаны орнату үшін: 4. а. Жүйелік тақтада бос кеңейту ұясын және корпустың артында тиісті кеңейту ұясын тауып алыңыз. ә.
5. 26 а. Графикалық карта желдеткіші орнатылатын орыннан қақпақты алып тастаңыз. ә. Корпус ішінен желдеткішті сыртқы қабырғадағы орнына енгізіңіз (1). б. Корпус сыртынан құрал жинағындағы бұрауышпен/кілтпен төрт бұранданы (2) орнатыңыз (Құрал жинағына қатынасу (10-бет)). в. Қақпақты (3) орнына салыңыз. Қатынас тақтасын орнына салыңыз.
PCI желдеткішін алып тастау PCI желдеткіші корпус алдына бекітілген және графикалық карталар үшін қосымша салқындатуды қамтамасыз етеді. PCI желдеткішін алып тастамас немесе орнатпас бұрын алдыңғы жапқышты толық алып тастау керек. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Алдыңғы жапқышты алып тастау үшін: а.
б. Желдеткішті корпустан көтеріп шығарыңыз (3). PCI желдеткішін ауыстыру үшін алып тастау рәсімдерін кері орындаңыз.
Жүйелік тақтаны орнату Жүйелік тақта жүйелік тақта науасына бекітіледі. Жүйелік тақтаны алып тастамас немесе орнатпас бұрын науаны алып тастау керек. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Жүйелік тақта науасын алып тастау үшін науаны корпусқа бекітетін үш бұранданы алып тастаңыз (1), науаны оң жаққа жылжытып (2), науаны корпустан көтеріп шығарыңыз (3). 4.
Қатты диск желдеткішін алып тастау Қатты диск желдеткіші жүйелік тақта науасының астындағы корпус артына бекітіледі. Қатты диск желдеткішін алып тастамас немесе орнатпас бұрын науаны алып тастау керек. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Жүйелік тақта науасын алып тастаңыз (Жүйелік тақтаны орнату (29-бет)). 4. Артқы жапқышты алып тастау үшін: 5. а.
Қуат көзін орнату Компьютер ең көп 1450 Вт ATX стандартын сақтайтын қуат көздеріне қолдау көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Зақымды болдырмау үшін компьютердің жалпы қуат тұтынуы компьютер қуат көзінің ең жоғарғы сипаттамаларынан аспауы керек. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Жүйелік тақта науасын алып тастаңыз (Жүйелік тақтаны орнату (29-бет)). 4.
7. Қуат көзін корпусқа (2) бекіту үшін үш бұранданы орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 8. 32 Жерге қосу сымын бекіту үшін келесі қадамда тағы бір бұранданы орнатасыз. Қуат көзінің қосқыш кабелін корпусқа орнату үшін: а. Қосқышты қуат көзі бөлігінің бұрышына орналастырыңыз (1). ә. Құрал жинағындағы кілтпен/бұрауышпен қосқыштың алты қырлы бұрандасын (2) орнатыңыз. б. Жасыл жерге қосу сымын қалған қуат көзінің бұрандасына орнатыңыз (3). в. Кабельді қуат көзіне жалғаңыз (4).
9. Қуат көзінің SATA кабельдерін (1) және кіріс/шығыс тақтасы мен кабелін (2) жалғаңыз. Қуат көзіне жалғанатын алты SATA қуат кабелі (төрт қатты диск + бір U.2 дискісі + бір оптикалық диск) және бір PATA қуат қосқышы (кіріс/шығыс тақтасынан) бар. Компьютер корпусындағы кабельдер өздері жалғанатын бөліктерді көрсету үшін белгіленген. ЕСКЕРТУ: Кабельді зақымдап алмау үшін кабельдің өзін емес, қойыншаны немесе қосқышты тартыңыз. 10. Қуат көзі қақпағын орнына салыңыз. 11.
Сұйықтықты салқындату үшін радиатор кронштейнін орнату Радиатор кронштейні тек 240 мм радиаторларды қиыстыра алады. 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Корпус бүйіріне бекітілген желдеткіштерді алып тастаңыз. 4. Егер қосымша сұйықтық салқындатуы қажет болса, радиатор кронштейнін төмендегі кескінде көрсетілген күйлердің біреуінде орнатыңыз.
6. Кронштейнді корпусқа бекіту үшін құрал жинағындағы кілтпен/бұрауышпен сегіз алты қырлы бұранданы (Құрал жинағына қатынасу (10-бет)) орнатыңыз. 7. Кез келген қажетті желдеткіштерді орнатыңыз. Сүзгілерді тазалау 1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз (Бөлшектеуге дайындалу (9-бет)). 2. Кіру панелін алып тастаңыз (Алынбалы тақтаны алу және орнына салу (19-бет)). 3. Компьютердің барлық желдетілетін жақтарындағы ауа сүзгілерін алып тастаңыз және тазалаңыз.
а Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті ауа ағынын қамтамасыз ету үшін компьютердің барлық желдетілетін жақтарында және монитордың үстінде 10,2 cм (4 дюйм) бос орын қалдырыңыз.
б Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс А ағытпа, қуат 7 алу PCI желдеткіші 27 алынбалы тақта 19 қатты диск 15 қатты диск желдеткіші 30 қатты күйдегі диск 15 оптикалық диск 24 алынбалы тақта алып тастау 19 аудио кіріс (микрофон) ұясы 5 аудио шығыс (құлақаспап) ұялары 7 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 5 К компьютер жұмысы туралы нұсқаулық 37 Д диск ұясының ысырмасы, анықтау 6 Қ қатты диск алып тастау 15 қауіпсіздік 18 орнату 11 қатты диск желдеткіші орнату 30 қатты күйдегі диск алып тастау 15 қауіпсіздік қат
қуат 4 сымсыз байланыс 5 Э элекростатикалық тоқ, зақымның алдын алу 36 O OMEN Control 3 P PCI желдеткіші орнату 27 R RJ-45 (желі) күй шамдары, анықтау 7 RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 7 U USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты, анықтау 5 USB 3.0 порттары, анықтау 7 USB 3.