Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP t620 сериялы оңтайлы жұқа клиент
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Осы жердегі мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Microsoft жəне Windows – Microsoft корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы кітап туралы АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ........................................................................................................................................ 1 Стандартты мүмкіндіктер ................................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері ................................................................................................ 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ....................................
Қосымша ə Батареяны шығару жəне орнына салу ................................................................................. 34 Қосымша б Жұқа клиент жұмысы ............................................................................................................... 39 Қалыпты жұқа клиент күтімі ............................................................................................................. 39 Қолдау көрсетілетін бағыттар ......................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты мүмкіндіктер HP жұқа клиентін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Жұқа клиенттің пайдасын бірнеше жыл көресіз деп үміттенеміз. Біздің мақсатымыз − күтілетін қуат пен сенімділікпен қолдану мен басқару оңай жүлделі клиенттерді ұсыну. Келесі бөлімде жұқа клиенттің мүмкіндіктері сипатталады. Үлгілерде орнатылған құрылғылар мен компьютерлік бағдарламалардың толық тізімін жəне өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін http://www.hp.com сайтынан қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттің флэш дискісіне қажетті теңшелімдерді орындағаннан кейін жазу сүзгісінің қосылғанын тексеріңіз. Жұқа клиенттің қалыпты жұмысы барысында жазу сүзгісі қосылу керек. Əрі флэш жады қоймасымен жұқа клиенттерде бет файлының қосылмағанын тексеріңіз. Осы міндетті əрекеттерді орындамау флэш сақтау құрылғысының кепілдігін жоққа шығаруы мүмкін.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері Қосымша ақпарат үшін жəне бір үлгіге тəн QuickSpecs табу үшін, http://www.hp.com ашып, қажетті жұқа клиент үлгісін іздеңіз. (1) Жартылай биіктікті PCIe 2.0 кеңейту саңылауы* (8) PS/2 пернетақта ұясы (2) Сериялық порты* (9) PS/2 тінтуір ұясы (3) Параллельді порт* (10) Сериялық порт Қосымша: VGA порты немесе талшықты NIC порты (4) Жиналмалы қуат сымын бекітетін ілмек (11) Аудио кіріс порты (5) Ethernet RJ-45 порты (12) Аудио шығыс порты (6) USB 2.
Пернетақтаны пайдалану (1) Caps Lock пернесі Caps Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (2) Scroll Lock пернесі Scroll Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (3) Num Lock пернесі Num Lock мүмкіндігін іске қосады/ажыратады. (4) Ctrl пернесі Басқа пернемен бір тіркесімде пайдаланыңыз; функциясы пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамаға байланысты. (5) Windows логотипті пернесі1, 2 Бастау мəзірін Windows® жүйесінде ашады.
Windows логотипті пернесі Windows амалдық жүйелерінде қол жетімді кейбір функцияларды орындау үшін Windows ені пернесін басқа пернелермен бір тіркесімде пайдаланыңыз. Windows ені пернесі + Tab Ашық элементтер арасында ауысу. Windows ені пернесі + e Менің компьютерім белгішесін ашу. Windows ені пернесі + f Файл немесе қалта іздеу. Windows ені пернесі + Ctrl + f Компьютерлерді іздеу. Windows ені пернесі + m Барлық терезелерді қайыру. Windows ені пернесі + Shift + m Бəрін қайыруды болдырмау.
Тінтуірдің ерекше функциялары Бағдарламалық жасақтамалардың көбісі тінтуір пайдалануға қолдау көрсетеді. Əрбір тінтуір түймешігіне тағайындалған функциялар пайдаланылатын бағдарламалық жасақтамаға байланысты. Сериялық нөмір орны Əрбір жұқа клиентте төмендегі суретте көрсетілгендей жерде орналасқан бірегей сериялық нөмірі болады. HP тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Жабдық өзгерістері Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды жəне ескертулерді оқып шығыңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нəтижесінде болатын жеке жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін: Қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік беріңіз.
Қуат сымын қосу 1. Қуат сымының аналық ұшын қуат блогындағы орнына енгізіңіз (1). 2. Қуат сымының басқа ұшын розеткаға қосыңыз (2). 3. Қуат сымының домалақ ұшын компьютер артындағы қуат көзінің қосқышына (3) жалғаңыз. 4. Ілгекті шығару үшін жиналмалы қуат сымын бекітетін ілгектің бүйіріндегі саңылауды (4) қолданыңыз. 5. Қуат сымын ілмекке басып салып (5), артық сымды жинап қойыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ілмекке бекітіп қоймасаңыз, қуат сымы ажырап, ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін.
Тұғырын орнату ЕСКЕРТУ: Компьютердің айналасында қажетті ауа ағыны қамтамасыз ету үшін, компьютердің тұғырын орнату қажет. Компьютермен бірге жабдықталған тұғырды тігінен немесе көлденеңінен орнатып қолдануға болады. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
● 6. Компьютерді көлденең бағытта қолдану үшін, тұғырды компьютердің оң жағына орнатыңыз. а. Компьютерді оң жақ бүйірін жоғары қаратып жатқызып, оң жақ бүйіріндегі бұрандаға арналған екі тесікті тауып алыңыз. ə. Тұғырды компьютердің оң жағына қойып (1), тұғырдың бұрандаларын компьютердің арнаулы саңылауларына дəлдеңіз. б. Бұрандаларын жақсылап қатайтыңыз (2). Сыртқы жабдықты қайта қосыңыз, розеткаға қуат сымын жалғаңыз да, компьютерді қосыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу Алынбалы тақтаны алу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, ыстық бөлшектеріне денеңіз тию немесе өрт қаупін азайту үшін немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін ƏРҚАШАН компьютерді панелін жауып қолданыңыз. Қауіпсіздікті жақсартуға қосымша панелінде маңызды нұсқаулар жəне анықтамалық ақпарат болуы мүмкін, егер панель қолданылмаса олар жоғалуы мүмкін. HP компаниясы осы компьютерге арнап шығарған панельден басқа панельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
9. Алынбалы тақтасын шассидің артына қарай шамамен 6 мм (.24 дюйм) сырғытып (2), қатынас тақтасын компьютерден көтеріп алыңыз. Компьютердің алынбалы тақтасын орнына салу Қатынас тақтасын орнына салу: 1. 12 Алынбалы тақтаны (1) шасси жиегінің ішіне шамамен 6 мм (,24 дюйм) орналастырыңыз. Алынбалы тақтаның корпус датчигін жабатынына көз жеткізіп, тақтаны орнына түскенше шассидің алдында қарай сырғытыңыз (2).
2. Алынбалы тақтаны бекіту үшін ілмегін (3) оң жаққа жылжытыңыз. 3. Кіріс/шығыс тақтасының оң жағындағы ілмектерді (1) шассидің артқы оң жағына кіргізіңіз, одан кейін сол жағын шассиге қарай басып (2), орнына түсіріңіз.
Ішкі USB флэш дискісін орнату Жүйе тақтасында екі USB флэш дискісінің порты бар. USB флэш дискісін орнату: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. 5.
(1) USB-1 порты USB 2.0 флэш дискісі: ең көп өлшемдері 55 мм (Ұ) x 16 мм (Е) x 8 мм (Б) (2) USB-2 порты USB 2.0 флэш дискісі: ең көп өлшемдері 65 мм (Ұ) x 25 мм (Е) x 10 мм (Б) ЕСКЕРІМ: Орнатылатын USB флэш дискісінің USB портының ең көп өлшемінен аспайтынына көз жеткізіңіз. 9. USB флэш дискісін USB портымен туралап, дискіні барынша енгізілгенше портқа қатты басыңыз. 10.
11. Алынбалы тақтасын орнына салып, сырғытпасын бекітіңіз, одан кейін кіріс/шығыс тақтасын қайта орнатыңыз. 12. Компьютердің тұғырын орнына салыңыз. 13. Қуат сымын қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 14. Алынбалы панель немесе компьютер жапқышы алынған кезде істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын жабыңыз. Қосымша жад орнату Компьютер 3 ара-қатынасты қос дерек үйлесімді динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR3SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (SODIMMs) жабдықталған.
SODIMM ұяшықтарын толтыру Жүйе тақтасында екі SODIMM ұяшығы бар. Ұяшықтар DIMM1 жəне DIMM2 болып белгіленген. Элеме нт Сипаттама Жүйе тақтасының белгісі Ұяшық түсі 1 SODIMM1 ұяшығы DIMM1 Қара 2 SODIMM2 ұяшығы DIMM2 Ақ Жүйе бір арналы режимде істейді. ЕСКЕРІМ: Егер SODIMM ұяшықтарының екеуінде де қос жақты SODIMMs құралы орналасса, жүйе жадының жылдамдығы 1333 Mгц төмендейді.
SODIMM құралын орнату ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін. Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады.
7. Егер компьютер HP t620 PLUS үлгілі жұқа клиент болса, желдеткіш жинағының сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты қажетінше жоғары немесе басқа бағытта бұрыңыз (2). 8. Жүйе тақтасындағы жад ұясын табыңыз. 9. Егер талшықты NIC орнатылған болса, жад ұясының қақпағының тесігі арқылы абайлап кабелін алып шығыңыз.
10. Жад ұясының қақпағын бекітіп тұрған екі бұранда мен серіппесін алыңыз (1). ЕСКЕРІМ: Екі бұранда мен серіппелерін астында қалдырыңыз. 11. Жад ұясының қақпағын абайлап компьютердің алдына қарай сырғытып (2) босатыңыз, одан кейін шассиден көтеріп шығарып алыңыз. 12. SODIMM құралын алып тастау үшін, SODIMM құралының əр жағындағы екі сырғытпасын сыртқа қарай басыңыз (1), SODIMM құралын жоғары бұраңыз (2), енді ұяшықтан SODIMM құралын тартып алыңыз (3).
13. Жаңа SODIMM құралын шамамен 30° бұрышқа бұрыңыз (1), одан кейін, SODIMM құралын ұяға қарай басып (2), сырғытпаларын орындарына түсіріңіз. ЕСКЕРІМ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дəлдеңіз. 14. Талшықты NIC саңылауы бар жад ұясының қақпағын компьютердің алдына тақаңыз, одан кейін жад ұясының қақпағын (1) SODIMMs құралының үстіне орналастырыңыз. 15.
17. Егер компьютер HP t620 PLUS үлгілі жұқа клиент болса, желдеткіш жинағын төмен қарай бұрап, сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты тоқтағанша төмендетіп (2), сырғытпасын босатыңыз. 18. Алынбалы тақтасын орнына салып, сырғытпасын бекітіңіз, одан кейін кіріс/шығыс тақтасын қайта орнатыңыз. 19. Компьютердің тұғырын орнына салыңыз. 20. Қуат сымын қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 21. Алынбалы панель немесе компьютер жапқышы алынған кезде істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын жабыңыз.
Жартылай биіктікті PCI-Express 2.0 картасын орнату Қосымша жарты биіктікті PCI-Express (PCIe) картасын HP t620 PLUS жұқа клиентке орнатуыңызға болады. Кеңейткіш картасы əдепкі параметр бойынша алдын-ала орнатылған. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе ыстық беткейден күйік алу қаупін азайту үшін электр розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз жəне қол тигізер алдында ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз. PCIe картасын орнату: 1.
24 8. Кеңейткіш картаның саңылауын тауып алыңыз. 9. Кеңейту саңылауының қақпағын солға сырғытып, алып шығыңыз.
10. PCIe карта қосқыштарын кеңейткіш картаның саңылауларымен жəне картаның ұшындағы металл тартқышты шассидің саңылауымен қатарластырыңыз. PCIe картаны кеңейткіш картаның саңылауына мықтап басып кіргізіңіз. 11. Желдеткіш жинағын төмен қарай бұрап, сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты тоқтағанша төмендетіп (2), сырғытпасын босатыңыз. 12. Алынбалы тақтасын орнына салып, сырғытпасын бекітіңіз, одан кейін кіріс/шығыс тақтасын қайта орнатыңыз. 13. Компьютердің тұғырын орнына салыңыз. 14.
Қауіпсіздік Жұқа клиент корпус датчигімен жабдықталған. Əрі компьютерді бекіту үшін кабель құлпын пайдалануға болады. Қосымша қауіпсіздік қабаты үшін артқы порттарға рұқсатсыз қатынасты болдырмау үшін порт қақпағын сатып алуға болады. Корпус датчигі Корпус датчигі жабдық пен бағдарлама технологиясының тіркесімі болып табылады. Егер алынбалы тақта алынып тасталса, корпус датчигі босатылады жəне компьютер жергілікті пайдаланушыларға алынбалы тақтаның ұсталғанын немесе алынып тасталғанын хабарлайды.
Кабель құлпы Бұл жұқа клиенттер сақтандыру кабель құлпын қабылдауға бейімделіп жасалған. Бұл кабель құлпы жұқа клиентті рұқсатсыз шешуден жəне шасиидің ішінде орнатылған құралдарды құлыптаудан қорғайды. Бұл опцияға тапсырыс беру үшін, өзіңізге қажетті жұқа клиент үлгісін HP http://www.hp.com вебсайтынан қараңыз. 1. Артқы тақтадағы кабель бекітпесі саңылауын табыңыз. 2. Кабель бекітпесін саңылауға кірістіріп, оны құлыптау үшін кілтті пайдаланыңыз.
Жұқа клиентті орнату HP t620 жұқа клиент: HP жұқа клиентті тігінен (мұнара бағытында) қолдануға кеңес береді, яғни HP логотипі оң жағында болуы тиіс. Басқа бағытта қолдану кейбір жағдайларда жұмысын баяулатады; қызып кетуден сақтау үшін компьютерді шектелген қуат күшімен қолдану сол жағдайлардың бірі болып табылады. Стандартты шассиде талшықты NIC орнатылса жəне шасси көлденеңінен орналасса, құралдың жұмысына арналған ең жоғарғы орташа температура 35°C (95°F) градусқа төмендейді.
2. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт 15 мм бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын төмендегі суретте көрсетілгендей жұқа клиентке тіркеңіз. 3. Орнату құрылғысының жинағына қосылған төрт бұранданы пайдаланыңыз, HP Quick Release бір жағын жұқа клиент орнатылатын құрылғыға тіркеңіз. Тетік нүктелерін жоғары қарай босату керек.
4. Жұқа клиентке тіркелген орнату құрылғысының бір жағын (1) жұқа клиент орнатылатын құрылғыда (2) орнату құрылғысының екінші жағының үстімен сырғытыңыз. «Шерту» дыбысы қауіпсіз қосылымды білдіреді. Тіркелген кезде HP Quick Release автоматты түрде күйіне құлыпталады. Жұқа клиентті шешу үшін тетікті бір жағына сырғыту ғана қажет.
Қолдау көрсетілетін орнату параметрлері Мына суреттерде орнату кронштейні үшін қолдау көрсетілетін кейбір орнату параметрлері көрсетілген.
а Техникалық сипаттамалар HP t620 жұқа клиент немесе HP t620 PLUS жұқа клиенттің жаңартылған техникалық сипаттары немесе қосымша сипаттарын көру үшін http://www.hp.com/go/ quickspecs/ веб-сайтына кіріп, өзіңізге қажетті үлгіге арналған QuickSpecs (негізгі техникалық сипаттары) бөлімін тауып алыңыз.
Ең жоғарғы биіктігі (қысымда емес) 3 048 м 10 000 ф 9 144 м 30 000 ф Қуат көзі HP t620 жұқа клиенті HP t620 PLUS жұқа клиенті Жұмыс кернеуінің аумағы 100 В АТ 240 В АТ Негізгі желі жиілігі 50 - 60 Гц Жұмыс істегенде (ең жоғарғы рұқсат етілген өзгерту ауқымы – минутына 457 м немесе минутына 1500 ф) Жұмыс істемегенде (ең жоғарғы рұқсат етілген өзгерту ауқымы – минутына 457 м немесе минутына 1500 ф) 100 В АТ 240 В АТ 50 - 60 Гц Қуат шығысы (ең көп) 65 Вт 85 Вт Негізгі шығыс тогы (ең көп) 3,33 A
ə Батареяны шығару жəне орнына салу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Бүйірлік алынбалы тақтасын шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, қуат сымын электр розеткасынан ажыратыңыз. Батареяны шығару немесе орнына салу: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
7. Егер компьютер HP t620 PLUS үлгілі жұқа клиент болса, келесі қадамдарды орындаңыз: а. Желдеткіш жинағының сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты қажетінше жоғары немесе басқа бағытта бұрыңыз (2). ə. Егер PCIe картасы орнатылған болса, оны абайлап шығарып алыңыз. б. Кеңейткіш картасын ұясынан тартып шығарып, бір жағына қарай жылжытыңыз. Кабельдерді PCIe кеңейткіш картасынан ажырату қажет емес.
8. Жүйе тақтасында батареяны табыңыз. 9. Батареяны жүйе тақтасына абайлап шығарыңыз. 10. Батарея кабелінің қосқышын жүйе тақтасынан суырыңыз. 11. Жаңа батареяның кабель қосқышын жүйе тақтасына қосыңыз. 12. Жаңа батареяны абайлап төмен қарай басып, жүйе тақтасына кіргізіңіз. 13. Егер компьютер HP t620 PLUS үлгілі жұқа клиент болса, келесі қадамдарды орындаңыз: а. 36 Егер 7-ші қадамда PCIe кеңейткіш картасының кабельдері ажыратылса, оларды қайта қосыңыз.
ə. Кеңейткіш картаны жүйе тақтасындағы ұямен қатарластырып алып, ұяға басып салыңыз. ЕСКЕРІМ: Кеңейткіш картасын бір бағытта ғана орнатуға болады. Картадағы ойықты ұя кетігіне дəлдеңіз. б. Егер PCIe картасы орнатылған болса, оны қайта орнатыңыз. Нұсқауларды Жартылай биіктікті PCI-Express 2.0 картасын орнату 23-бетте тарауынан қараңыз. в. Желдеткіш жинағын төмен қарай бұрап, сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты тоқтағанша төмендетіп (2), сырғытпасын босатыңыз. 14.
16. Қуат сымын қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 17. Алынбалы панель немесе компьютер жапқышы алынған кезде істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын жабыңыз. HP компанияы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады. Қайта өңдеу бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратты http://www.hp.com сайтындағы “қайта өңдеу” бөлімінен қараңыз.
б Жұқа клиент жұмысы ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттің флэш дискісіне қажетті теңшелімдерді орындағаннан кейін жазу сүзгісінің қосылғанын тексеріңіз. Жұқа клиенттің қалыпты жұмысы барысында жазу сүзгісі қосылу керек. Əрі флэш жады қоймасымен жұқа клиенттерде бет файлының қосылмағанын тексеріңіз. Осы міндетті əрекеттерді орындамау флэш сақтау құрылғысының кепілдігін жоққа шығаруы мүмкін.
Қолдау көрсетілетін бағыттар HP компаниясы жұқа клиент үшін төмендегі бағыттарды қолдайды. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін HP қолдау көрсететін бағыттарды ғана қолданыңыз. ЕСКЕРІМ: HP t620 стандартты (жіңішке) шасси: HP жұқа клиентті тігінен (мұнара бағытында) қолдануға кеңес береді, яғни HP логотипі оң жағында болуы тиіс.
Қолдау көрсетілетін бағыттар 41
Қолдау көрсетілмейтін бағыт HP компаниясы жұқа клиент үшін төмендегі бағыттарды қолдамайды. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттерді қолдау көрсетілмейтін орынға қою нəтижесінде жұмыс ақаулығы орын алуы жəне/немесе құрылғылардың зақымдануы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттер жұмыс температурасын сақтау үшін дұрыс желдетілуді талап етеді. Тесіктерді бітемеңіз. Жұқа клиенттерді тартпаларға немесе басқа нығыздалған қуыстарға орналастырмаңыз. Жұқа клиенттің үстіне мониторды немесе басқа затты қоймаңыз.
в Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау жəне тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
г Жеткізіп беру туралы ақпарат Жеткізуге дайындау Жұқа клиентті жеткізіп беруге дайындау барысында мына ұсыныстарды орындаңыз: 1. Жұқа клиентті жəне сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 2. Қуат сымын алдымен розеткадан, кейін жұқа клиенттен ажыратыңыз. 3. Жүйе құрамдас бөлшектерін жəне сыртқы құрылғыларды қуат көзінен, одан кейін жұқа клиенттен ажыратыңыз. 4. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютерді тұғырынан алып, оң жағын жоғары қаратып жатқызыңыз. 6. Компьютердің алынбалы жəне кіріс-шығыс тақтасын алыңыз. Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу 11-бетте бөлімін қараңыз. 7.
9. SSD дискін абайлап ұясынан алыңыз. SSD дискін компьютерге қайта салғанға дейін қауіпсіз бер жерге сақтап қойыңыз. 10. Желдеткіш жинағын төмен қарай бұрап, сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты тоқтағанша төмендетіп (2), сырғытпасын босатыңыз. 11. Алынбалы тақтасын орнына салып, сырғытпасын бекітіңіз, одан кейін кіріс/шығыс тақтасын қайта орнатыңыз.
Индекс А алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 алу SSD 44 алынбалы тақта 11 батарея 34 қатты денелі диск 44 флэш жады 44 алынбалы панель алу 11 алынбалы тақта орнына салу 12 артқы тақта құрамдас бөлшектері 3 Б батарея, орнына салу биіктігінің техникалық сипаттары 33 К кабель құлпы 27 кабельді бекіту ұясы 3 корпус датчигі 26 көлденең бағыт 40 кіріс дыбыс портының орны 3 қуат көзінің техникалық сипаттары 33 қуат портының орны 3 қуат сымының қосқышы 8 қуат түймесінің орны 2 қуат шығысының техникалық сипаттары
жад 16 жартылай биіктікті PCIe 2.