Equipment reference manual

2 Жабдық өзгерістері
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс
нұсқауларын, сақтандыруларды жəне ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоқ соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нəтижесінде болатын
жеке жарақаттар немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін:
Қуат сымын розеткадан айырып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік
беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC)
розеткаларына қоспаңыз.
Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі
Қуат сымын
əрқашан қол оңтайлы жететін жерде орналасқан, жерге тұйықталған тоқ көзіне
қосыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін болдырмау үшін Safety & Comfort Guide (Қауіпсіздік жəне жұмыс
ыңғайлылығы) нұсқаулығын оқыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты
сақтау жəне компьютер пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау жəне дұрыс жұмыс істеу
ережелері сипатталған, сонымен қатар, электр жəне механикалық қауіпсіздік туралы маңызды
ақпарат
берілген. Safety & Comfort Guide (Қауіпсіздік жəне жұмыс ыңғайлығы нұсқаулығы) HP
веб-сайтында орналасқан:
http://www.hp.com/ergo.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір затты ұстап
көріп, статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Электр статикалық разряд 43-бетте бөлімін қараңыз.
Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі
бөлшектерін зақымдамас үшін компьютерді ашарда қуат сымын қуат көзінен ажыратыңыз.
Ескертулер мен сақтандырулар 7