Equipment reference manual

Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу
Алынбалы тақтаны алу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу, ыстық бөлшектеріне денеңіз тию немесе өрт қаупін азайту үшін
немесе құралдың бүлінуін болдырмау үшін ƏРҚАШАН компьютерді панелін жауып қолданыңыз.
Қауіпсіздікті жақсартуға қосымша панелінде маңызды нұсқаулар жəне анықтамалық ақпарат
болуы мүмкін, егер панель қолданылмаса олар жоғалуы мүмкін. HP компаниясы осы
компьютерге арнап шығарған панельден басқа панельді ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Бүйірлік алынбалы тақтасын
шешпес бұрын, жұқа клиентті өшіріп, қуат сымын электр
розеткасынан ажыратыңыз.
Қатынас тақтасын алу:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютерді тұғырдан шешу.
6. Оң жағын жоғары, құрылғыны жазық жерге жатқызыңыз.
7. Кіріс-шығыс тақтасының сол жағындағы сырғытпаны босатыңыз (1), тақтаны (2) оң жаққа
бұрыңыз, одан кейін компьютерден шығарып алыңыз.
8. Алынбалы тақтаны босату үшін сырғытпасын (1) сол жаққа жылжытыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне орнына салу 11