Equipment reference manual
SODIMM құралын орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен
30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына
немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты
жаңартқанда үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нəтижесінде пайда болатын
тотығу жəне/немесе қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад
модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Келесі қадамдарды бастамас бұрын, жерге тұйықталған темір
затты ұстап
көріп, статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат
үшін,
Электр статикалық разряд 43-бетте бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге
зақым келуі мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне
қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына
əрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу
нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
5. Компьютерді тұғырынан алып, оң жағын жоғары қаратып жатқызыңыз.
6. Компьютердің алынбалы жəне кіріс-шығыс тақтасын алыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне
орнына салу 11-бетте бөлімін қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жеке жарақаттың қаупін азайту үшін, қол тигізбес бұрын ішкі
бөлшектерінің салқындауына уақыт беріңіз.
18 Бап 2 Жабдық өзгерістері