Equipment reference manual
Жартылай биіктікті PCI-Express 2.0 картасын орнату
Қосымша жарты биіктікті PCI-Express (PCIe) картасын HP t620 PLUS жұқа клиентке
орнатуыңызға болады. Кеңейткіш картасы əдепкі параметр бойынша алдын-ала орнатылған.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе ыстық беткейден күйік алу қаупін азайту
үшін электр розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз жəне қол тигізер алдында ішкі жүйе
құрамдастарын суытыңыз.
PCIe картасын орнату:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден USB сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютерді тұғырынан алып, оң жағын жоғары қаратып жатқызыңыз.
6. Компьютердің алынбалы жəне кіріс-шығыс тақтасын алыңыз.
Алынбалы тақтаны алу жəне
орнына салу 11-бетте бөлімін қараңыз.
7. Желдеткіш жинағының сырғытпасын (1) компьютердің алдына қарай итеріп, жинақты
қажетінше жоғары немесе басқа бағытта бұрыңыз (2).
Жартылай биіктікті PCI-Express 2.0 картасын орнату 23