Equipment reference manual
Жұқа клиентті орнату
HP t620 жұқа клиент: HP жұқа клиентті тігінен (мұнара бағытында) қолдануға кеңес береді, яғни
HP логотипі оң жағында болуы тиіс. Басқа бағытта қолдану кейбір жағдайларда жұмысын
баяулатады; қызып кетуден сақтау үшін компьютерді шектелген қуат күшімен қолдану сол
жағдайлардың бірі болып табылады. Стандартты шассиде талшықты NIC орнатылса жəне
шасси көлденеңінен орналасса, құралдың жұмысына арналған ең жоғарғы орташа температура
35°C (95°F) градусқа төмендейді.
HP t620 PLUS жұқа клиенті: PLUS жасақтамалары үшін бағыт шектеулері жоқ. Бірақ, ең жақсы
жұмыс сапасы құралды тігінен (мұнара бағытында) қолданғанда қамтамасыз етіледі.
Бұл жұқа клиенттің оң жағында төрт бекіту тесігі болады. Осы орнату тесіктері VESA (Бейне
электронды құрылғыларының стандарттарының бірлестігі) стандартына сай жасалған, ол
жалпақ панельді мониторлар, жалпақ дисплейлер жəне жалпақ теледидарлар сияқты
жалпақ
дисплейлерді (FDs) өнеркəсіптік стандартқа сай орнатуға мүмкіндік береді. HP Quick Release
жұқа клиентті түрлі бағытта орнатуға мүмкіндік беретін VESA стандартындағы орнату
нүктелеріне қосады.
ЕСКЕРІМ: Жұқа клиентті орнатқан кезде Quick Release жинағымен бірге берілген 15 мм
бұрағышты пайдаланыңыз.
HP Quick Release функциясын қолдану үшін:
1. Компьютердің оң жағынан төрт бұранданы алыңыз.
28 Бап 2 Жабдық өзгерістері