Equipment reference manual

ЕСКЕРТУ: Жұқа клиенттің флэш дискісіне қажетті теңшелімдерді орындағаннан кейін жазу
сүзгісінің қосылғанын тексеріңіз. Жұқа клиенттің қалыпты жұмысы барысында жазу сүзгісі
қосылу керек. Əрі флэш жады қоймасымен жұқа клиенттерде бет файлының қосылмағанын
тексеріңіз. Осы міндетті əрекеттерді орындамау флэш сақтау құрылғысының кепілдігін жоққа
шығаруы мүмкін. Ажыратылған жазу сүзгісімен немесе қосылған бет файлымен пайдалануына
байланысты флэш
сақтау құрылғысы зақымдалған жағдайда осындай зақымды HP кепілдігі
қамтымайды.
Жазу сүзгісін пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/support/manuals/
thinclients ішінде қол жетімді жұқа клиентке арналған операциялық жүйе нұсқаулығын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздің үлгісі суреттердегі үлгіден басқа болуы мүмкін.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері
Қосымша ақпарат үшін жəне бір үлгіге тəн QuickSpecs табу үшін, http://www.hp.com ашып,
қажетті жұқа клиент үлгісін іздеңіз.
(1) Қуат түймесі (4) USB 3.0 порттары (2)
(2) Флэш драйв əрекетінің жарығы (5) Микрофон порты
(3) USB 2.0 порттары (2) (6) Құлаққап порты
2 Бап 1 Өнім мүмкіндіктері