Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе АҚШ және/ немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде).
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Microsoft Windows туралы маңызды ақпарат ................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ...................
Құлақаспаптарды қосу ................................................................................................................... 21 Гарнитураны қосу ............................................................................................................................ 22 Дыбыс параметрлерін пайдалану ................................................................................................. 22 Бейнені пайдалану ..............................................................................
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету ................................................................................................. 36 Компьютер жұмысын жақсарту ....................................................................................................................... 36 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ....................................................................... 36 Дискіні тазалау құралын пайдалану ....................................................................
HP PC Hardware Diagnostics пайдалану ...................................................................................................... 48 HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .............................................. 48 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ......................................................................... 49 HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу .................................................
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) .................................................................. 59 12 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................ 60 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................................. 60 Жұмыс ортасы ....................................................................
xii
1 Алғашқы жұмыс Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз. Microsoft Windows туралы маңызды ақпарат Өнімде Microsoft Windows көптеген нұсқаларының біреуі бар.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар ▲ Мазмұны Пуск (Бастау) түймесін басып, НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жақ Бөлік (1) (2) Сипаттама Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы Қуат қосқышы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея толығымен зарядтаулы емес. ● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері ажыратылды және батарея заряды төмен батарея деңгейіне жетті. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы жоғары HDMI құрылғысын қосады.
Бөлік Сипаттама Картаны алып тастау үшін: (7) Қуат шамы ▲ Картаны жад карта оқу құралынан шығарып алыңыз. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) Камера шамы Қосулы: камера пайдаланылуда. (2) Камера Чатты түсіру, бейнені жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (21-бет) бөлімін қараңыз: Кейбір камераларда құпия сөз орнына бет әлпетін тануды пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (43-бет) бөлімінен қараңыз.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (25-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. (3) Оң жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ.
Шамдар Бөлік 10 Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Қосулы: Компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: Компьютер дыбысы қосулы.
Түйме Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Арнайы пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде белгілі бір функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады. (4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекет пернелері Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді анықтау үшін Арнайы пернелер (12-бет) бөлімін қараңыз. ▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз. Белгіше Сипаттама «Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады. Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Алдыңғы жағы 14 Бөлік Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде басылған күйінде болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
Бөлік 16 (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәландыру белгісі(лері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – ▲ Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін тінтуірмен басып, Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақтасу орталығы) пәрменін таңдаңыз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Добавление Bluetooth или другого устройства (Bluetooth немесе басқа құрылғыны қосу) опциясын таңдаңыз. 3. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады. Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін тінтуірмен басыңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойындысындағы Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдалану ● Экрандағы пернетақтаны пайдалану ● Меңзеу таяқшасын пайдалану Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (тек сенсорлы экранда) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Компьютер амалдық жүйенің қуат тұтынуын азайтатын заманауи күту режиміне қолдау көрсетеді.
● Пернетақтадағы пернені басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде). ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз (тек таңдаулы өнімдерде). Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені және дисплей мен компьютерді өшіреді. Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы қуат көзін ажыратқан кезде батарея зарядын сақтау үшін дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика режимдері арасында ауыса алады.
● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Энергосбережение (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз. ● Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз. ● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. ● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Зауытта пломбаланған батарея Батарея күйін бақылау үшін немесе егер батарея зарядты ұстамайтын болса, HP Support Assistant бағдарламасындағы HP батарея тексеруін іске қосыңыз (тек таңдаулы өнімдерде). 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
Сыртқы қуатты ажыратқан кезде: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батарея зарядын сақтау үшін экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Қуат белгішесі сыртқы түрін өзгертеді.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Драйверлерді жаңарту Драйверлерді жаңарту үшін Windows Device Manager бағдарламасын пайдаланыңыз. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына windows update settings (windows жаңарту параметрлері) сөзін жазып, Windows жаңарту параметрлері опциясын таңдаңыз. 2. Проверить наличие обновлений (Жаңартулардың бар-жоқтығын тексеру) опциясын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows жүйесі жаңа драйверді таба алмаса, құрылғы өндірушісінің вебторабына кіріңіз және нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
● Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде тасымалдауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Windows Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — Тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау Бағдарламалық құрал қолданбаларын және мәліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (47-бет) бөлімін қараңыз. BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде алдын ала орнатылған амалдық жүйеге қарай HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасына қолдау көрсетілмеуі мүмкін. HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
Компьютерде Windows операциялық жүйесі жүктелмесе, аппараттық құралдардың мәселелерін диагностикалау үшін HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын пайдалануға болады. HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық анықталған кезде ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады. Мәселені шешумен көмек алу үшін қолдау қызметімен байланысып, ақаулықтың идентификациялық кодын хабарлаңыз.
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics UEFI бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек таңдаулы өнімдерде) жүктеп алу ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеу қажет.
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал және драйверлерді жүктеп алу) санатын таңдап, құрылғының түрін таңдаңыз, одан кейін іздеу жолағында өнім атауын немесе нөмірін теріңіз де, компьютер үлгісін және операциялық жүйені таңдаңыз. 3. Өнімге қажетті Remote UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін, Diagnostics (Диагностика) бөлімінде берілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарау сақтық көшірмелер жасау және жүйені бастапқы күйіне қайтару мен қалпына келтіру туралы ақпаратты береді. Windows жүйесі жеке мәліметтерді сақтық көшірмелеу, компьютерді сақтық көшірмеден қалпына келтіру мен компьютерді бастапқы күйіне қайтарудың күшті құралдарын қамтамасыз етеді. Windows құралдарын сақтық көшірмелеу, компьютерді бастапқы күйіне қайтару және қалпына келтіру үшін пайдалану (53-бет) бөлімін қараңыз.
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) опциясын және Обновление и безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) опциясын таңдаңыз. 2. Резервное копирование (Сақтық көшірме жасау) опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру және компьютерді оның бастапқы күйіне қайтару үшін бірнеше опцияны ұсынады.
Бастамас бұрын Бастамас бұрын, келесі ақпаратты ескеріңіз: ● Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажетті сақтау көлемін анықтайды.
HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін пайдалану НР қалпына келтіру құралын HP Бұлттық қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралы көмегімен жасау үшін 1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал және драйверлер) қойыншасын таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қатты дискісі ауыстырылған болса, операциялық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды орнату үшін зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын пайдалануға болады. HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру HP Recovery Manager бағдарламалық құралы көмегімен компьютердің бастапқы зауыттық параметрлерін қалпына келтіріп, жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру медиасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдаланыңыз.
Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Компьютер жүктелген кезде, F11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты жоғарылату түймесін тез басып ұстап тұрыңыз, одан кейін f11 пернесін басыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3.
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-жады дискісін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін (тек таңдаулы өнімдерде) жоюға мүмкіндік береді.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В Сыртқы НР қуат беру құралының тұрақты ток ашасы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер Арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл біздің әрбір әрекетімізде көрінеді. Мұнда адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасау мақсатында атқаратын жұмыстарға ерекшеліктерді орнату жолының кейбір мысалдары берілген. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технология адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
● Өнімдеріміз бен қызметтерімізге қатысты көмекші технологияны жетілдіретін ішкі және сыртқы зерттеу және дамыту бөліміне қолдау көрсету. ● Арнайы мүмкіндіктерге арналған өндірістік стандарттар мен нұсқауларға қолдау көрсету және үлес қосу. Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік.
● HP Elite x3 – Арнайы мүмкіндіктер опциялары (Windows 10 Mobile) ● HP компьютерлері – Windows 7 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютерлері – Windows 8 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP компьютері – Windows 10 жүйесінің арнайы мүмкіндіктер опциялары ● HP Slate 7 планшеттері – HP планшетінде (Android 4.1/Jelly Bean) арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3,4.
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG) W3C Интернетке қолжетімділік бастамасының веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулары (WCAG) веб-дизайнерлер мен әзірлеушілерге физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне жақсырақ сәйкес келетін сайттарды жасауға көмектеседі. WCAG арнайы мүмкіндіктерді веб-мазмұн (мәтін, суреттер, аудио және бейне) мен веб-қолданбалардың толық ауқымы арқылы жетілдіреді.
аппараттық құралдар мен бағдарламалық құралдардың телефон желісі жабдығын және үйде немесе кеңседе қолданылатын телекоммуникациялық жабдықты қамтиды. Мұндай жабдыққа телефондар, сымсыз телефондар, факс машиналары, жауап беру құрылғылары және пейджерлер кіреді.
алынған пікірлер тізімі мен уақытша топпен байланысу түрлері) туралы толық деректерді Арнайы 333 уақытша тобы бөлімінен қарауға болады. Қолайлы сынау және растау жоспарларын бағалауға қатысты бөліктер CEN BT/WG185/PT бөлімінде толық сипатталған параллель жоба арқылы жүзеге асырылды. Қосымша ақпарат алу үшін, CEN жобасы тобының веб-сайтына өтіңіз. Екі жоба да мұқият үйлестірілді.
● Керең адамдардың ұлттық бірлестігі ● Соқыр адамдардың ұлттық федерациясы ● Солтүстік Америкалық қалпына келтіру инженерлік және көмекші технология қоғамы (RESNA) ● Керең және есті қабілеті нашар адамдарға арналған байланыс құралдары корпорациясы (TDI) ● W3C Интернетке қолжетімділік бастамасы (WAI) Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге
70 – Дүйсенбі-жұма күндері, қысқы уақыт аймағындағы 6:00 мен 21:00 аралығында (888) 259-5707 нөміріне қоңырау шалыңыз. – Физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін байланыс пішімін аяқтаңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 65, 66 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 22, 24 Айнымалы ток адаптері және батарея шамы, анықтау 5 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 63 табу 64 амалдық жүйе басқару элементтері 17 арнайы мүмкіндіктер 63 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 63 табу 64 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 64 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP саясаты 63 арнайы пернелер, пайдалану 12 аудио 21 HDMI дыбысы 23 гарнитуралар 22 дыбыс параметрлері 22 дыбысты д
желіге қосылу 17 жұмыс ортасы 61 жұмысты аяқтау 30 жүйені қалпына келтіру 57 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 53 жүктеу реті, өзгерту 58 З зауытта пломбаланған батарея 34 И Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 43 К камера анықтау 8 пайдалану 21 камера шамы, анықтау 8 келесі жолшық әрекетінің пернесі 13 компьютерді қорғау 38 компьютерді өшіру 30 компьютерді сапарға алып шығу 16, 39 компьютерді тазалау 38 компьютерді тасымалдау 39 корпоративтік WLAN қосылымы 18 Күту қ
сенсорлы тақта аймағы, анықтау 9 Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып масштабтау 26 түрту 25 Сенсорлы тақта қимылдары екі саусақпен түрту 26 екі саусақты сырғыту 26 төрт саусақпен түрту 27 үш саусақты сырғыту 27 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 25 Сенсорлы тақтадан екі саусақты сырғыту қимылы 26 Сенсорлы тақтаны екі саусақпен түрту қимылы 26 Сенсорлы тақтаны пайдалану 25 Сенсорлы тақтаның төрт саусақпен түрту қимылы 27 Сенсорлы тақтаның үш саусақты сырғыт
HP ұялы мобильді кең жолақты IMEI нөмірі 19 MEID нөмірі 19 белсендіру 19 I IMEI нөмірі 19 L LAN желісіне қосылу 20 M MEID нөмірі 19 MicroSD жад картасын оқу құрылғысы, анықтау 6 Miracast 24 R Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI параметрлері пайдалану 51 параметрлерді реттеу 52 S Setup Utility (BIOS) құпия сөздері 42 U USB SuperSpeed порты, анықтау 6 USB порты, анықтау 6 W Windows жүйені қалпына келтіру нүктесі 53 Windows 10 жүйесінде анықтама алу 13 Windows Hello 21 пайдалану 43 Windows құпия сөздері 4