User's Guide
Wi-Fi Direct ақауын жою үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу
1. Принтердің басқару тақтасындағы Wi-Fi Direct белгішесі қосулы екендігін тексеріңіз. Ол өшірулі
болса
, оны қосу үшін Сымсыз түймесі ( ) мен Жалғастыру түймесін ( ) бірге үш секундқа
басып тұрыңыз
.
2. Сымсыз компьютерде немесе ұялы құрылғыда Wi-Fi байланысын қосыңыз, кейін принтеріңіздің
Wi-Fi Direct атауын іздеп, қосылыңыз.
Егер Wi-Fi Direct қызметіне қолдау көрсетпейтін мобильді құрылғыны пайдаланып жатқан
болсаңыз, үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін www.hp.com/go/mobileprinting HP мобильді басып шығару веб-сайтына кіріңіз.
Осы веб-сайттың жергілікті нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді болмаса,
басқа елдегі/аймақтағы немесе тілдегі HP мобильді басып шығару веб-сайтына бағытталған
болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Принтерге арналған Wi-Fi Direct байланысының қауіпсіздігі Manual (Қолмен реттелетін) болса,
принтерге қосылу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.
●
Сұралғанда, дұрыс Wi-Fi Direct құпия сөзін немесе PIN кодын енгізгеніңізді тексеріңіз.
●
Ақпарат шамы жанып тұрған кезде, принтер дисплейінде Wi-Fi Direct белгішесі
жыпылықтап тұрса, мерзімі аяқталмас бұрын қосылу үшін бір минут ішінде Ақпарат
түймесін ( ) басқаныңызды тексеріңіз.
4. Wi-Fi Direct қосылымдар саны ең көбі бес құрылғыға жеткенін тексеріңіз.
102 8-тарау Мәселені шешу KKWW










