User's Guide

Хатқалталарды басып шығару
Хатқалталарды басып шығармас бұрын кіріс науасына хатқалталар салынғанын және шығыс науасы
ашық екенін тексеріңіз. Кіріс науасына бір немесе бірнеше хатқалталар салуға болады. Жылтырақ
немесе бедерлі хатқалталарды немесе қыстырғыштары мен терезелері бар хатқалталарды
пайдаланбаңыз. Хатқалталар салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (11-бет)
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Хатқалталарға басылып шығарылатын мәтінді пішімдеу туралы толық мәліметтерді word
бағдарламасындағы анықтама файлдарынан қараңыз.
Хатқалтаны басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтенияаңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Қағаз/сапа және Орналасу қойындыларынан және Кеңейтілген опциялар диалогтық
терезесінен тиісті опцияларды таңдаңыз.
Paper type (Қағаз түрі) немесе Mediaасығыш) ашылмалы тізімінен сәйкес қағаз түрін
таңдаңыз.
Paper sizes (Қағаз өлшемдері) немесе Paper Size (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен сәйкес
хатқалта өлшемін таңдаңыз.
Portrait (Кітаптық) немесе Landscape (Альбомдық) бағытты таңдаңыз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер (37-бет)
бөлімін қараңыз.
5. Басып шығару диалогтық терезесінде OK түймешігін басып, Басып шығару немесе OK түймешігін
басыңыз.
Хатқалталарды басып шығару (OS X және macOS)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) қалқымалы мәзірінен сәйкес хатқалта өлшемін таңдаңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, тиісті қағазды жүктегеніңізді тексеріңіз.
4. Қалқымалы мәзірден Қағаз түрі/Сапа параметрін таңдаңыз және қағаз түрі параметрінің
Қарапайым қағаз күйіне орнатылғанын тексеріңіз.
5. Басып шығару түймешігін басыңыз.
KKWW Хатқалталарды басып шығару 31