User's Guide
HP Smart қолданбасын пайдалану арқылы принтерді
жалғау
HP Smart қолданбасымен реттеу үшін
Принтерді сымсыз желіге орнату үшін HP Smart пайдалануыңызға болады. HP Smart қолданбасына
iOS, Android және Windows құрылғыларында қолдау көрсетіледі. Осы қолданба туралы ақпарат алу
үшін, iOS, Android не Windows 10 құрылғыларынан басып шығару, сканерлеу және ақауларды түзету
үшін HP Smart қолданбасын пайдаланыңыз (21-бет) бөлімін қараңыз.
1. Егер iOS немесе Android мобильді құрылғысын пайдаланып жатсаңыз, Bluetooth мүмкіндігі қосулы
екенін тексеріңіз. (HP Smart қолданбасы iOS және Android мобильді құрылғыларында орнату
процесін жылдам орындау үшін Bluetooth мүмкіндігін пайдаланады.)
ЕСКЕРТПЕ: HP Smart қолданбасы Bluetooth мүмкіндігін тек принтерді орнату үшін пайдаланады.
Bluetooth мүмкіндігі арқылы басып шығаруға қолдау көрсетілмейді.
2. HP Smart қолданбасын ашыңыз.
3. Windows: Негізгі экранда Жаңа принтер орнату түймесін басыңыз немесе түртіңіз, содан соң
принтерді желіге қосу үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз.
iOS/Android: Негізгі экранда Плюс белгішесін түртіп, Принтер қосу түймесін түртіңіз. Принтерді
желіге қосу үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз.
KKWW HP Smart қолданбасын пайдалану арқылы принтерді жалғау 73










