User's Guide

5. Кептелген қағазды алып тастаңыз.
6. Тазаланған аймақта кептелген қағаздың жыртылған бөліктерін жоғын тексеру үшін шамды
қолданып, табылған кез келген кептелген қағазды алып тастаңыз.
7. Тазалауға арналған есікті жабыңыз. Екі ілмек орнына сырт етілгенше есікті принтерге қарай
итеріңіз.
8. Принтерді қалыпты қалпына қайтарыңыз.
9. Қуат сымын және кез келген басқа кабельді принтердің артқы жағына қайта жалғаңыз және одан
кейін принтерді қосу үшін, Қуат ( ) түймесін басыңыз.
Барлық аймақтардағы кептелген қағазды тазалап болған соң, қағазды кіріс науасына қайта жүктеңіз.
Ағымдағы жұмысты жалғастыру үшін басқару тақтасындағы Жалғастыру түймесін ( ) басыңыз.
Принтер кареткасының кептелісін тазалау
Принтер кареткасының
кептеліс мәселесін шешу
HP ақауды онлайн жою шеберін пайдаланыңыз.
Егер бір нәрсе принтер кареткасына кедергі келтіріп тұрса немесе ол оңай жылжымаса,
қадамдық нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Басып шығару кареткасының кептелулерін тазалау үшін Анықтамадағы жалпы
нұсқауларды оқу
Басып шығару кареткасын бұғаттайтын қағаз сияқты заттарды алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелген қағазды алып тастау үшін кез келген құралды немесе басқа
құрылғыларды пайдаланбаңыз. Принтер ішінен кептелген қағазды алғанда әрқашан сақ
болыңыз.
KKWW Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары 85