User's Guide
Қағаз кептелістерін болдырмау әдісі
Қағаз кептелістерінен құтылу мақсатында көмек алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
●
Кіріс науасын шамадан тыс толтырмаңыз.
●
Басып шығарылған қағаздарды жайлап шығыс науасынан алып тастаңыз.
●
Кіріс науасына салынған қағаздардың тегіс орналасқанына және ұштары бүгілмегеніне немесе
жыртылмағанына көз жеткізіңіз.
●
Кіріс науасында әртүрлі қағаз түрлерін және қағаз өлшемдерін біріктірмеңіз; кіріс науасындағы
қағаздың барлығы бірдей өлшемде және түрде болуы қажет.
●
Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енінің бағыттауыштарын
сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енінің бағыттауыштары майыстырмайтынын
тексеріңіз.
●
Қағазды кіріс науасының ішіне қатты итермеңіз.
●
Принтер басып шығарып жатқанда қағазды жүктемеңіз. Принтерде қағаз бітейін деп тұрса,
алдымен принтердің қағаздың қалғанын қолданып болғанша күтіп, одан кейін қағазды қосыңыз.
Қағаз беру ақауларын шешу
Сізде қандай мәселе бар?
●
Қағаз кіріс науасынан алынбайды
–
Кіріс науасына қағаз салынғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын
салу (11-бет) бөлімін қараңыз.
–
Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енінің
бағыттауыштарын сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енінің
бағыттауыштары майыстырмайтынын тексеріңіз.
–
Кіріс науасындағы қағаздың бұратылып қалмағанын тексеріңіз. Қағаздың бұралған жағын
қарсы бағытта майыстырып, оны түзетіңіз.
●
Беттер жылжып кеткен
–
Қағаз кіріс науасының оң жақ шетіне салынғандығын және қағаз енінің бағыттауышы
қағаздың сол жақ шетіне сай келетіндігін тексеріңіз.
–
Қағазды принтерде басып шығару процесі жүріп жатпағанда салыңыз.
●
Бірнеше бет алынып жатыр
–
Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енінің
бағыттауыштарын сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енінің
бағыттауыштары майыстырмайтынын тексеріңіз.
–
Кіріс науасына өте көп қағаз салынбағандығын тексеріңіз.
–
Салынған қағаздың бөліктері бір-бірімен байланыспайтындығын тексеріңіз.
–
Жақсы әрі тиімді жұмыс істеу үшін HP қағазын пайдаланыңыз.
86 8-тарау Мәселені шешу KKWW










