Жұмысқа кірісу жөніндегі нұсқаулық
© Copyright 2017 HP Development Company, L.P. Microsoft және Windows – тіркелген сауда белгілері немесе АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік осындай өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде ғана беріледі. Осы құжаттағы ақпарат қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Maзмұны 1 Қауіпсіздік нұсқаулары ............................................................................................................................... 1 2 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 2 Жинақ құрамы ...................................................................................................................................................... 2 Жүйе талаптары ...........
iv
1 Қауіпсіздік нұсқаулары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы мен жабдыққа зақым келу қаупін азайту үшін: — Қуат сымын жерге қосу ашасын ажыратпаңыз. Жерге қосу ашасы маңызды қауіпсіздік мүмкіндігі болып табылады. — Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін жерге тұйықталған (жерге байланысқан) розеткасына қосыңыз. — Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз.
2 Алғашқы жұмыс Жинақ құрамы ● HP 3D Structured Light Scanner Pro S3 немесе HP 3D Structured Light Scanner Pro S2 сканері, алдын ала құралған – Бейне проектор – Камера (объективі бар) – Бағыттауыш және камера слайдері ● Тасымалдау сөмкесі бар штатив ● Әйнек калибрлеу панелі мен 90 градустық кронштейндер (2) ● HP 3D Scan бағдарламалық құралы және камера драйверлері бар USB флэш-жады ● Айнымалы ток адаптері ● HDMI кабелі ● USB кабелі ● Кабель қамытшасы және тасымалдау сөмкесі Жүйе тала
● USB порттары (2) ● Ұсынылған: 2 ГГц қос ядролы процессор ● Ұсынылған: 8 Гбайт RAM ● Ұсынылған: NVIDIA немесе AMD графикалық картасы Жүйе талаптары 3
3 Орнату Бағдарламалық құрал мен драйверлерді орнату 1. USB флэш-жадын компьютерге жалғаңыз. 2. Қажетіңізше, http://www.hp.com/go/3DScanSupport веб-сайтына кіріңіз, одан кейін Получение драйверов, ПО и микропрограммного обеспечения (Драйверлер, бағдарламалық құрал және микробағдарлама алу) сілтемесін басыңыз. Сканер үлгісін, одан кейін амалдық жүйе үлгісін таңдап, HP 3D Scan Software Pro v5 бағдарламалық құралын жүктеп алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: USB флэш-жадын компьютерден ажыратпаңыз.
2. Жиналған сканерді штативке (1) орналастырып, одан кейін штативтегі құлақты бұранданы құрылғы қауіпсіз орныққанша (2) бұрап бекітіңіз. 3. Өнім жинағына кіретін қуат кабелін айнымалы ток адаптеріне (1) және айнымалы ток розеткасына (2) жалғап, одан кейін айнымалы ток адаптерін проектордың артқы жағындағы қуат ұясына (3) жалғаңыз.
4. Өнім жинағына кіретін HDMI кабелінің бір ұшын проектордың артқы жағындағы HDMI портына, ал екінші ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметр бойынша проектордың деректер көзі HDMI мәніне орнатылады. Дегенмен, егер проектордың үстіңгі жағындағы деректер көзі түймесі 4 секунд ішінде екі рет басылса, деректер көзі VGA мәніне ауысады. Проектордың деректер көзін бастапқы мәніне келтіру туралы ақпаратты Проектордың басқару құралдарын пайдалану (11-бет) бөлімінен қараңыз. 6 5.
Камераны орналастыру Камераны бекіту Камераны проектордың оң немесе сол жағына бекітіңіз. Камераның бекітілетін орнын анықтау үшін, төмендегі кестені пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер екі камера пайдаланылса (екінші камера бөлек сатылады), камераларды проектордың әр жағына орнатыңыз.
▲ Шағын нысанды сканерлеу үшін, камера проектордың сол жағына (қысқа қашықтықта) бекітіледі. ▲ Үлкен нысанды сканерлеу үшін, камера проектордың оң жағына (ұзын қашықтықта) бекітіледі. Камераны бұру Камераны проектілеу аймағына бағыттау үшін 1. 8 Камера астындағы құлақты бұранданы бұрап босатыңыз.
2. Бұру бұрышын камера слайдерінде жазылған градус шкаласына сәйкес орнатыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Әдетте, 22° бұрыш қолданылады. Өте үлкен нысандар, аймақтар немесе терең қуысы бар нысандарды сканерлеу кезінде, кіші камера бұрышы талап етіледі. 20 градустан төмен бұрыштар сканерлеу сапасын азайтады және камера шуы мен қателерін тудырады. Жалпақ нысандарды сканерлеу кезінде, үлкен камера бұрышы (30 градусқа дейін) талап етіледі. Үлкен камера бұрыштары өлшеу аумағының тереңдігін азайтады.
Камера фокусын орнату үшін, камера (1) корпусынан алыс орналасқан объектив бұрандасын бұрап босатыңыз және камерадан (2) алыс орналасқан реттеу сақинасын бұрыңыз. Кадрлық терезе орнатылған кезде, бұранданы бұрап қатайтыңыз.
Проекторды орнату Проектордың басқару құралдарын пайдалану Проекторды қосу немесе өшіру үшін қуат түймесін (6) басыңыз. Фокусты (1) орнату үшін, фокус тұтқышын сол жақтан оң жаққа жылжытыңыз. Сканерлеу барысында проектіленетін жолақ үлгісі сканерленіп жатқан нысан беткейіне қарай нақты бағытталуы тиіс. Кіріс деректерінің көзін өзгерту үшін, деректер көзі түймесін (2) басыңыз. HDMI және VGA арасында ауысу үшін, «жоғарыға» түймесін (2) және «төменге» түймесін (4) басыңыз.
7. Дополнительные параметры (Қосымша параметрлер) тармағын таңдаңыз. 8. Монитор қойыншасында жаңару жиілігін 60 Гц мәніне орнатыңыз. 9. OK түймешігін басып, OK түймешігін қайта басыңыз. Егер HP 3D Scan бағдарламалық құралының терезесі проектор арқылы көрсетілсе, терезені компьютер мониторына жылжыту үшін апарып тастау әрекетін орындаңыз. Калибрлеу тақтасының параметрлерін орнату 1.
Қосымша қауіпсіздік арқанын жалғау ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік арқаны сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол сканерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғамайды. Қосымша қауіпсіздік арқанын орнату 1. Қауіпсіздік арқанын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті қауіпсіздік арқанының құлпына салыңыз. 3. Құлыпты проектор жағындағы қауіпсіздік арқанының ұясына салыңыз да, оны кілтпен жабыңыз.
4 Ақаулықтарды жою Сканерлеу сапасы Ақаулық Шешімі Сканерленген файлдарда шу бар (оған нысан беткейінің тегіс болмауы себеп болып отыр). Камераның кадрлық терезесін (диафрагманы) қызыл белсенділік қисықтары (сканердің бағдарламалық құралында) қысқартылмайтындай етіп орнатыңыз. Камераның кадрлық терезесі бастапқы қалпына келтірілген соң, сканерді калибрлеу тақтасы арқылы қайта калибрлеңіз.
Ақаулық Шешімі Сканерлеу барысында сканер және нысан жылжытылмағанын тексеріңіз. Адамды сканерлеу кезінде, олардың қолайлы отырғанын және тынысын тоқтатқанын тексеріңіз. Бағдарламалық құралға байланысты ақаулықтарды жою туралы ақпаратты алу үшін, HP 3D Scan Software Pro v5 Online Instructions (HP 3D Scan Pro v5 бағдарламалық құралы үшін онлайн нұсқауларын) қараңыз. http://www.hp.com/go/ HP3DSWProV5manual веб-сайтына өтіңіз. Сканерленген суреттің ұсақ бөліктері көрінбейді.
Бағдарламалық құралға байланысты ақаулықтарды жою туралы ақпаратты алу үшін, HP 3D Scan Software Pro v5 Online Instructions (HP 3D Scan Pro v5 бағдарламалық құралы үшін онлайн нұсқауларын) қараңыз. http://www.hp.com/go/HP3DSWProV5manual веб-сайтына өтіңіз. Бағдарламалық құралдың жұмысы тоқталса немесе ол әдеттен тыс жұмыс істесе, мына әрекеттерді келесі ретпен орындаңыз: 16 ● Компьютер жады жеткілікті екенін тексеріңіз. Басқа бағдарламаларды жауып, бірнеше нысанды бір мезгілде қатар сканерлемеңіз.