User Guide - Windows 7
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау
- Мультимедиа
- Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
- Аудио
- Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
- Бейне
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security Manager пайдалану
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
- Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
- Ақаулықтарды жою
- Ақаулықтарды жою көздері
- Мәселелерді шешу
- Компьютер қосылмайды
- Компьютердің экраны бос
- Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
- Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
- Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді
- Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
- Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
- Қосымша сыртқы диск жұмыс істемей тұр
- Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
- Қосымша сыртқы оптикалық дискісін көшіру үрдісі басталмайды немесе аяқталар алдында тоқтап қалады
- Электростатикалық разряд
- Индекс

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс
(микрофон) комбо ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск
(Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) >
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(2) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (46-бет) бөлімінен
қараңыз.
(3) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары
жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне
немесе дыбыс құрылғыларын қосады.
(4) USB Type-C (зарядтау) порттары (2) Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын
жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттары арқылы
компьютер өшірулі болса да, ұялы телефондар,
планшеттер және MP3 ойнатқыштары сияқты
құрылғыларды зарядтауға болады. Сондай-ақ, бейне
шығыс ұясын қамтамасыз ету үшін USB Type-C порттарының
кейбір түрлері арқылы DisplayPort, VGA, HDMI және басқа
бейне құрылғыларын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
Оң жағы 5










