User Guide - Windows 7

Table Of Contents
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и средства
(Өнімділік және құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде көмекші) тармақтарын,
одан кейін керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager бағдарламасы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын және
SMS (мәтінді) хабарлар жіберудің әрі қабылдаудың интерфейсін қамтамасыз етеді. HP Connection
Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
Bluetooth
HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат күйі, SIM картасының мәліметтері және SMS
хабарлары жайында ақпарат және хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
HP Connection Manager құралын ашу үшін
Тапсырмалар тақтасындағы HP Connection Manager белгішесін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и средства (Өнімділік
және құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде көмекші) тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы
және бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы
зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы
сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз
байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз
желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі және Интернет) >
Центр управления сетями и общим доступом (Желі және ортақ пайдалануды басқару орталығы)
тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу 17