User Guide - Windows 7

Table Of Contents
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау)
пәрмендерін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс
шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.
3. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылатын сымсыз жергілікті желі көрсетілмесе, Открыть центр управления
сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылуды аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
20 3-тарау Желіге қосылу