User Guide - Windows 7

Table Of Contents
2 саусақпен басу
2 саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мәзір пәрмендерін таңдауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: 2 саусақпен басу қимылы тінтуірдің оң жағын басу әрекетімен бірдей.
Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі
саусақты қойып басыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус
жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде)
Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң
жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 25