User Guide - Windows 7
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау
- Мультимедиа
- Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
- Аудио
- Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
- Бейне
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security Manager пайдалану
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
- Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
- Ақаулықтарды жою
- Ақаулықтарды жою көздері
- Мәселелерді шешу
- Компьютер қосылмайды
- Компьютердің экраны бос
- Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
- Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
- Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді
- Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
- Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
- Қосымша сыртқы диск жұмыс істемей тұр
- Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
- Қосымша сыртқы оптикалық дискісін көшіру үрдісі басталмайды немесе аяқталар алдында тоқтап қалады
- Электростатикалық разряд
- Индекс

Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық
және бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар – DSL немесе кабельдік модемнің және үй немесе офис
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет ойындарына
кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады, немесе тіркелген
электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мәселені шешу үшін, желіаралық қалқан бағдарламасын
уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз. Мәселені шешу үшін, желіаралық
бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік
бұзудан және компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез
Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Амалдық жүйе үшін жаңартулар және басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан жіберілгеннен
кейін қол жетімді болуы мүмкін. Компьютерге қол жетімді барлық жаңартулардың орнатылғанын
тексеру үшін, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Компьютерді орнатқаннан кейін мүмкіндігінше тез Windows Update (Windows жаңарту)
бағдарламасын іске қосыңыз.
2. Бұдан кейін Windows Update қызметін ай сайын қосыңыз.
3. Windows және басқа Microsoft бағдарламаларының жаңартуларын шығарылған кезде Microsoft
веб-торабы, сондай-ақ анықтама және қолдау орталығындағы жаңартулар сілтемесі арқылы
алыңыз.
HP Client Security Manager пайдалану
HP Client Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала
орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады. Оның
қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден
қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану 63










