User Guide - Windows 7
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау
- Мультимедиа
- Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
- Аудио
- Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
- Бейне
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаң ...
- Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security Manager пайдалану
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
- Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Қолдау
- Техникалық сипаттамасы
- Қолжетімділік
- Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
- Ақаулықтарды жою
- Ақаулықтарды жою көздері
- Мәселелерді шешу
- Компьютер қосылмайды
- Компьютердің экраны бос
- Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр
- Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
- Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді
- Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
- Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
- Қосымша сыртқы диск жұмыс істемей тұр
- Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
- Қосымша сыртқы оптикалық дискісін көшіру үрдісі басталмайды немесе аяқталар алдында тоқтап қалады
- Электростатикалық разряд
- Индекс

4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз.
f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар
біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені және НР
бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық
құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін басып,
Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару)
пәрменін, одан кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде көрсетілмесе, амалдық жүйені және
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі мен Драйверді қалпына келтіру
дискісі арқылы қалпына келтіру керек. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің
DVD медиасы (73-бет) бөлімін қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және экранның
төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы
Егер HP Recovery Disc Creator (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы әрі бұрын жасалған қалпына келтіру
медиасын пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, HP веб-торабына өтіңіз. АҚШ-та
қолдау алу үшін, http://www.hp.com/support мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі
бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын
қараңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере
аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген Worldwide Telephone Numbers
(Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен
өшіреді әрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге
орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда,
қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды және
утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 73










