User Guide - Windows 7
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді
немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
●
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-
ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір компьютерлерде
ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты
болуы мүмкін.
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
VGA
●
Қос режимді DisplayPort порты
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (3-бет)
бөлімінен қараңыз.
34 5-тарау Мультимедиа