User Guide - Windows 7
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату (тек таңдаулы
өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы
мүмкін.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз.
2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын
құлыптаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде)
Біріктірілген саусақ ізін оқу құрылғылары таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралында
тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда және
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
64 9-тарау Қауіпсіздік