User Guide - Windows 7

Шамдар
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат шамы
Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі
болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
режимі.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start
Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі
қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді
бірден іске қосуға мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану (37-бет) бөлімінен
қараңыз.
(2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock»
пернесі басылған.
(3) Микрофон дыбысын өшіру шамы
Сары: микрофон дыбысы өшірулі.
Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы.
(4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
(5) Сымсыз байланыс шамы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/
немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы
қосулы.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар
өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен
жанып тұрады.
8 2-тарау Компьютермен танысу