User Guide - Windows 7

8. SIM картасын SIM картасының ұясына салып, ол өз орнына тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, қызмет көрсетуге
арналған ұяның ішіндегі суретті қараңыз.
9. Қызмет көрсету есігін орнына салыңыз.
10. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
11. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
12. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
13. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Mobile Connect қызметі – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы
және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс. HP Mobile Connect қызметі туралы толығырақ
ақпаратты және сатып алу мүмкіндіктерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect веб-
торабына өтіңіз.
Сымсыз желіге қосылу 21