User Guide - Windows 7

VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA
дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі.
1. VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі әрекеттерді орындаңыз: Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру
және даралау) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) пәрменін таңдаңыз.
HDMI
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе
дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI кабелі
(бөлек сатылады) керек болады.
Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы
ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
34 5-тарау Мультимедиа