User Guide - Windows 7

Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
Ақ: Батарея заряды 90% асады.
Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
Сары болып жыпылықтап тұрса: Батарея заряды аз
деңгейге жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне
жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай
бастайды.
Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(5) RJ-45 (желі) ұя/статус шамдары Желілік кабелді қосады.
Ақ (сол жақта): желі қосылған.
Сары (оң жақта): Желіде әрекет орын алуда.
(6) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(7) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
6 2-тарау HP 250 сериялы ноутбукке арналған құрамдас бөлшектер