User Guide - Windows 7

Арнайы функционалдық пернелер
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn пернесі Функционалдық перне немесе esc пернесімен бірге басылған
кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды
орындайды.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану (22-бет) бөлімін
қараңыз.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау)
мәзірін жабады.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін басып, төменде көрсетілген белгішесі бар дұрыс функциялық пернені басыңыз.
fn пернесін және
функционалдық
пернені басыңыз.
Сипаттама
Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін
жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама және қолдау орталығын ашады.
Сонымен қатар, анықтама және қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою құралдарын
және қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
22 3-тарау HP 240 сериялы ноутбукке арналған құрамдас бөлшектер