User Guide - Windows 7

НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
HP Mobile Connect пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Mobile Connect қызметі – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы
және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс. HP Mobile Connect қызметі туралы толығырақ
ақпаратты және сатып алу мүмкіндіктерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect веб-
торабына өтіңіз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Bluetooth арқылы қосылатын құрылғыны қосу
1. Пуск (Бастау) стройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) >Добавить устройство
(Құрылғыны қосу) пәрмендерін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Bluetooth арқылы компьютеріңізге қосылатын құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Далееелесі)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыны тексеру қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз тізімде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің және
компьютердің сымсыз байланыс параметрлерінің қосулы екенін тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың
қосымша талаптары болуы мүмкін. Құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
30 4-тарау Желіге қосылу