User Guide - Windows 7

Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату)
утилитасын бастау (70-бет) бөлімін қараңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі)
тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану
Таңдаулы компьютер үлгілерінде компьютердің BIOS бағдарламасын шабуылдардан немесе
бүлінуден қорғау үшін бақылайтын HP Sure Start технологиясы орнатылады. Егер BIOS жүйесі бүлінсе
немесе рұқсатсыз қатынасу орын алса, HP Sure Start бағдарламасы пайдаланушының қатысуынсыз
BIOS жүйесін оның алдыңғы күйіне автоматты түрде қалпына келтіреді.
Көптеген пайдаланушылардың HP Sure Start бағдарламасының әдепкі конфигурацияны қолдануы
үшін, HP Sure Start алдын ала теңшеліп, іске қосылған. Тәжірибелі пайдаланушылар әдепкі
конфигурацияны өзгерте алады.
HP Sure Start жайлы жаңартылған құжаттарды ашу үшін http://www.hp.com/support мекенжайына
кіріңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
74 11-тарау Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start