User's Guide
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз 
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C мүмкіндіктерін пайдалану туралы ақпарат бойынша http://www.hp.com/support ішіне өтіңіз 
және өнімді іздеу нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C кабелі арқылы DisplayPort құрылғысын жалғау (тек таңдаулы 
өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C DisplayPort құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-
C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы DisplayPort құрылғысынан қарау 
үшін DisplayPort құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB SuperSpeed және DisplayPort портына 
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы DisplayPort құрылғысына жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, f4 түймесін басыңыз:
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы 
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймешігін 
басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін  , кейін Система (Жүйе) опциясын таңдаңыз. 
Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения 
(Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 13










