User's Guide
Түймешіктер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі
●
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін 
түймешікті басыңыз.
●
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін 
түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу 
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
●
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен 
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған 
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің 
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру 
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап 
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан 
қараңыз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында питание 
(қуат) сөзін теріп, Параметры питания и спящего 
режима (Қуат және ұйқылық режим параметрлері) 
опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жағымен басып, 
Электропитание (Қуат опциялары) опциясын таңдаңыз.
(2)   Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Жоғарғы жағы 13










