User's Guide

Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) HP ұйқы және зарядтау мүмкіндігіне ие USB
3.x порты
USB құрылғысын жалғайды, жылдамдығы жоғары
деректер тасымалын қамтамасыз етеді және компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефон, камера, әрекет
бақылаушысы немесе смарт сағат сияқты өнімдерді
зарядтайды.
(2) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) тізбекті ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар) (кейбір өнімдерде талап етіледі),
Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және
қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары)
тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
6 2-тарау Компьютермен танысу